Кешіктірілген берешекті реттеу

Кешіктірілген берешекті реттеу және міндеттемелер орындалмаған кездегі Банктің шаралары

Егер қарыз алушы жеке тұлға болса, онда ол Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 61-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес, банктік қарыз келісімшарты (бұдан әрі – Келісімшарт) бойынша міндеттемені орындау мерзімін кешіктірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банкке келуге және (немесе) жазбаша нысанда және (немесе) банктік қарыз келісімшартында көзделген өзге де тәсілмен Келісімшарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу себептері, кірістері және Келісімшарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтініш ұсынуға құқылы.

Бұл ретте Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында көзделген қарыз алушы – жеке тұлғаның өтініші Банкке келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Банк қарыз алушы ұсынған Келісімшарт шарттарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарайды және банктік қарыз келісімшартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ цифрлық объектілер арқылы қарыз алушыға жазбаша түрде төмендегілердің бірі туралы хабарлайды:

  1. Келісімшарт шарттарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
  2. Келісімшарт шарттарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары туралы;
  3. Келісімшарт шарттарын өзгертуге бас тартатыны туралы, мұндай бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді негіздемемен.

Егер Банктің Келісімшарт шарттарын өзгертуге бас тарту туралы шешімін алса немесе Келісімшарт шарттарын өзгерту бойынша өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмесе, қарыз алушы – жеке тұлға осындай шешімді алған күннен бастап он бес күн ішінде банк омбудсманына жүгінуге құқылы.

Егер қарыз алушы Банктің Келісімшарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі кешіктірілген берешекті енгізу қажеттігі туралы талабын орындамаса, Банктер туралы заңның 61-бабының 10-тармағына сәйкес Банк Банктер туралы заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны, оның ішінде төлем талабын қою арқылы даусыз тәртіппен өндіріп алуға құқылы (егер мұндай өндіріп алу Келісімшартта көзделген болса).

Қарыз алушы Банктің Келісімшарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттігі туралы талабын орындамаған жағдайда, сондай-ақ қарыз алушы – жеке тұлға Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында көзделген құқықтарын пайдаланбаған не қарыз алушы – жеке тұлға мен Банк арасында Келісімшарт шарттарын өзгерту туралы келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Банктер туралы заңның 61-бабының 11-тармағына сәйкес Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген шараларды, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей: берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру (егер Банктің мұндай құқығы Келісімшартта көзделген болса), Банктер туралы заңның 63-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаға Келісімшарт бойынша құқықты (талап ету құқығын) беру, Келісімшарт бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қою, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы.

Банк Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағының 2) және (немесе) 4) тармақшаларында көзделген банктік қарыз келісімшартының шарттарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген мынадай:

  1. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
  2. төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы – жеке тұлғалар үшін банктік қарыз келісімшарты шарттарына өзгерістер енгізуге кемінде үш ай мерзімге, банктік қарыз келісімшарты бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етпей келісім беру туралы шешім қабылдайды.

Банктер туралы заңның 61-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз келісімшартының шарттарына өзгерістер енгізуге келісім беру туралы шешім, қарыз алушының өтініш берген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісі, өтініш берген айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астам төмендеген жағдайда не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда қабылданады.

Төлемді кейінге қалдыруды, төлем кестесін өзгертуді немесе сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді қаласаңыз, қайта құрылымдау туралы өтінішті толтырыңыз.