Жалпы ережелері
- Акцияның атауы - «Досыңды шақыр да кешбэк ал!» (бұдан былай – Акция)
- Акция өткізілетін кезең – 09.12.2025 жылдан 2026 жылдың 08-ақпанының соңына дейін.
Акцияға қатысушылар
Акцияға қатысушы – басқа адамдарды Nur24.kz қосымшасы арқылы «Золотая Корона» немесе «UPT» жүйесімен ақша аударымдарын жүзеге асыруға шақыратын (шақырылған пайдаланушылар), «Нұрбанк» АҚ-тың (бұдан былай – Банк) клиенті әрі Nur24.kz пайдаланушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының жасы 18-ден асқан азаматы
Акцияға Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланыстырылған тұлғаларға теңестірілген тұлғалар қатыса алмайды.
Акцияға қатысу шарттары
Акцияға қатысу үшін Банктің клиентіне:
1) Nur24.kz мобильді қосымшасын пайдаланушы болуы
2) Банкте теңгемен ашылған қолданыстағы шоты болуы
3) шақырылған пайдаланушылармен WhatsApp немесе Telegram арқылы рефералды сілтемемен бөлісу
3) шақырылған пайдаланушы Nur24.kz мобильді қосымшасын жүктеп алып, Акцияның шарттарына сәйкес Nur24.kz қосымшасы арқылы «Золотая Корона» немесе «UPT» жүйесімен ақша аударымдарын жіберуі қажет
Аударылатын ақшаның ең аз сомасы кемінде:
- – 750 АҚШ доллары
- – 650 еуро
- – 60 000 Ресей рубілі
- – 400 000 теңге
-
- Аударылатын ақшаның ең көп сомасы 10 000 АҚШ долларымен оның басқа валютадағы баламасынан аспауы тиіс
- Ақша аударымы Акция өтетін кезеңде жүзеге асырылуы тиіс
Кешбэкті кіріске алу тәртібі
-
- Акцияның осы Шарттардың 3-тармағында көрсетілген шарттар орындалған жағдайда, Кешбэк Акцияға қатысушысына Шарттардың 3-тармағына сәйкес кірісіне алынады.
- Кешбэк сомасы шақырылған пайдаланушы ақша аударымын Акцияның шарттарына сай жіберген әр шақырылған пайдаланушы үшін 3 000 (үш мың) теңгені құрайды.
- Акцияға бір Қатысушыға берілетін Кешбэктің ең жоғары сомасы Акцияны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде 100 000 (жүз мың) теңгеден аспайды.
- Егер Акцияға Қатысушы бірнеше шақырылған пайдаланушыны тартқан жағдайда, Кешбэк ақша аударымын жасаған әрбір шақырылған пайдаланушы үшін бір рет есептеледі.
- Кешбэк Акцияға Қатысушының шотына шақырылған пайдаланушы аударымды жасағаннан кейінгі келесі күні аударылады.
- Кешбэк сомасы Акцияға Қатысушының:
- Клиенттің теңгемен ашылған және карточкасында «негізгі» деп көрсетілген шотына
- «негізгі» шоты болмаған жағдайда, соңғы операция жүргізілген шотқа аударылады.
- Акцияға Қатысушының теңгемен ашылған шоты болмаған жағдайда, Кешбэк аударылмайды
Өзге шарттар
-
- Рефералды сілтеме арқылы пайдаланушыны шақырған кезде Акцияға Қатысушы дербес деректерін өңдеуге келісімін беріп, Банктің www.nurbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Акцияның Шарттарымен танысқанын растайды.
- Пайдаланушыны шақырған кезде Акцияға Қатысушы автоматты түрде Агент мәртебесін алады, бұл ретте Агент келісімшарттың шарттарын автоматты түрде мойындаған деп есептеледі.
- Банк Акцияға Қатысушылармен алдын ала келіспей, біржақты тәртіппен және кез келген уақытта Акция шарттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Акция шарттарын бұзғаны үшін, оның ішінде Акцияға Қатысушы тарабынан фродтың және/немесе алаяқтықтың ықтимал фактілері анықталған кезде Акцияға Қатысушы Банктің қалауы бойынша біржақты тәртіппен Акциядан шеттетілуі мүмкін