Ria Money Transfer-пен бірге күз
Қалай қатысуға болады
Nur24.kz мобильді қосымшасында немесе Нұрбанк бөлімшесінде.
Шарттарға сәйкес келетін әрбір аударым — жеке өтінім. Аударым көп болса, мүмкіндік те көп.
Акция аяқталғаннан кейін Нұрбанктің Instagram парақшасындағы тікелей эфирде 7 жеңімпазды кездейсоқ таңдаймыз.
18 жастан асқан жеке тұлғалар қатыса алады. «Қайтарылған» және «Жойылған» мәртебесі бар аударымдар есепке алынбайды. «Нұрбанк» АҚ қызметкерлері мен Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар акцияға қатыспайды.
Жүлделер
iPhone 17 Pro 512 GB

Ноутбук HP OmniBook

Яндекс Станция

Жүлдені алуға байланысты салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді «Нұрбанк» АҚ төлейді.
Ұтыс ойыны
- Шарттарға сәйкес келетін барлық аударымдар акция аяқталғаннан кейін ұтыс ойынына қосылады.
- Жеңімпаздар Нұрбанктің Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ таңдалады.
- Бір жеңімпаз бас жүлдені, тағы алтауы қалған жүлделерді алады.
Жүлдені алу
- Аударымды рәсімдеу кезінде көрсетілген телефон нөміріне хабарласамыз.
- Жүлдені алу үшін жеке басты куәландыратын құжат қажет. Тапсыру орны мен тәсілін сізбен келісеміз.
- Жеңімпазбен 5 жұмыс күні ішінде байланыса алмаған жағдайда банк қайта ұтыс ойынын өткізуге құқылы.

Жиі қойылатын сұрақтар
- Кім қатыса алады
Акция кезеңінде Ria Money Transfer жүйесі арқылы ақша аударымын жіберген 18 жастан асқан жеке тұлға Акцияға қатысушы бола алады:
- Нұрбанк бөлімшесінде немесе
- Nur24.kz мобильді қосымшасында
«Нұрбанк» АҚ қызметкерлері және Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар Акцияға қатысуға жіберілмейді.
- Қатысу шарттары
Акцияға қатысу үшін оны өткізу кезеңінде Ria Money Transfer жүйесі арқылы мына сомада ақша аударымын жасау қажет:
- 1 АҚШ долларынан бастап немесе
- 1 еуродан бастап
Акция шарттарына сәйкес келетін әрбір ақша аударымы ұтыс ойынына қатысуға арналған жеке өтінім болып табылады.
Қатысушы Акция шарттарына сәйкес келетін аударымдарды неғұрлым көп жасаса, ұтыс ойынына соғұрлым көп өтінім қатысады.
«Қайтарылған» және «Жойылған» мәртебесі бар аударымдар Акцияға қатыспайды.
- Жүлде қоры
Акция қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз анықталады.
Жүлделер:
- 1-орын — қызғылт сары түсті iPhone 17 Pro 512 GB
- 2- және 3-орындар — HP OmniBook ноутбуктері
- 4–7-орындар — Яндекс Станция
- Жеңімпаздар қалай анықталады
Акцияны өткізу кезеңі аяқталғаннан кейін Акция шарттарына сәйкес келетін барлық ақша аударымдары ұтыс ойынына қосылады.
Жеңімпаздар Нұрбанктің Instagram-дағы ресми парақшасындағы тікелей эфир кезінде кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.
Ұтыс ойынының қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз анықталады: бас жүлденің бір иегері және қалған жүлделердің алты иегері.
- Жүлдені алу
Ұтыс ойыны өткізілгеннен кейін Банк жеңімпаздармен ақша аударымын рәсімдеу кезінде көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады.
Жеңімпазбен 5 (бес) жұмыс күні ішінде байланысу мүмкін болмаса не жеңімпаз жүлдені алудан бас тартса, Банк қайта ұтыс ойынын өткізуге және Instagram-дағы тікелей эфирде кездейсоқ таңдау арқылы жаңа жеңімпазды анықтауға құқылы.
Жүлдені алу үшін жеңімпаз жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет.
Жүлдені алу орны мен тәсілі жеңімпазбен келісіледі.
Акция аясында жүлдені алуға байланысты туындайтын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Нұрбанк» АҚ төлейді.
- Қосымша шарттар
«Нұрбанк» АҚ Акция шарттарына өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер туралы ақпарат nurbank.kz ресми сайтында жарияланады.
Акция шарттарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның ішінде қатысушы тарапынан алаяқтық әрекеттерге күдік болған кезде, Банк мұндай қатысушыны Акциядан шығаруға құқылы.
Акцияға қатысу қатысушының осы Шарттармен танысқанын және оларға келісетінін білдіреді.


