ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, «09» желтоқсан 2021 ж.
Халықаралық рейтинг агенттігі «S&P Global Ratings» 2020 жылғы қаржылық жағдай және 2021 жылдың үшінші тоқсанының көрсеткіштері бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның қызметі туралы есеп жариялады.
S&P талдаушыларының мәліметтері бойынша, Нұрбанктің қаржыландыру және өтімділік көрсеткіштері ұқсас қазақстандық банктердің көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Клиенттердің сенім деңгейі 2021 жылдың алғашқы тоғыз айында тұрақты болып қалады, банк өтімділік қорын жеткілікті көлемде қалыптастырды, бұл ағымдағы макроэкономикалық жағдайдағы оң фактор болып табылады.
«Нұрбанктің рейтингтері бойынша «Тұрақты» болжамы банктің активтердің сапасын біртіндеп жақсарта алатынын және бизнесін жоспарланған дамыту үшін жеткілікті капитал қорларын ұстап тұра алатынын күтеміз. Банк тұрақты қаржыландыру портфелін және жеткілікті өтімділік қорларын ұстап тұра алады деп есептейміз», - деп хабарлады S&P талдаушылары.
Өз кезегінде, банктің басқарма төрағасы Гульнар Мусатаева атап өткендей, қазіргі уақытта банк тұрақты өсу кезеңінде, несиелік портфель сапасының одан әрі жақсаратынын және табыстылық көрсеткіштерінің жоғарылайтынын күтеміз.
«Банктік сектордың өткен жылдағы динамикасы оның тұрақтылығының артуын және экономиканы қаржыландыру мүмкіндіктерінің кеңеюін көрсетеді. Нурбанк АҚ әлеуетті арттыру үшін сенімді негізге ие және өзінің тұрақтылығы мен табыстылығын арттыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Нурбанктің қаржылық жағдай туралы бұл есеп банктің тиімді стратегиясын, қаражатты сауатты басқаруды, сондай-ақ клиенттер мен серіктестердің сенімін растайды», - деді Г.Мусатаева.
2021 жылдың 11 айындағы қызметтің негізгі нәтижелері:
- Банктің активтері 451,2 млрд. теңгені құрады;
- Жыл басынан бері несиелік портфельдің өсуі 8,7% құрады;
- Жыл басынан бастап депозиттік портфель 12,2%-ға өсті және 312,0 млрд. теңгені құрады;
- Банктің таза пайыздық табысы 1,5 есеге артты.
01.12.2021 ж. жағдай бойынша банк Қазақстанда 17 филиал және 98 банктік қызмет көрсету орталығына ие. Сонымен қатар, банктің дамыған балама сату желісі бар. Банкоматтар мен POS-терминалдардың саны 346 және 1889 құрады.
Жақын болашақта банк бизнесті одан әрі дамыту бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асырмақшы, атап айтқанда:
- Жеке тұлғаларға несие беру көлемін арттыру;
- Бөлшек сауда, шағын және орта бизнесті дамыту үлесін арттыру;
- Несиелік портфельдің және депозиттік базаның сапасын жақсарту;
- Сатылымның көпарналығын дамыту;
- Клиенттерге қызмет көрсету бизнес-процестерін автоматтандыру.
«Нұрбанк» АҚ-ның баспасөз қызметі
media@nurbank.kz