S&P Global Ratings Нурбанктің рейтингін жоғарылатты
2024 жылғы 12 желтоқсанда халықаралық рейтингтік агенттік S&P Global «Нұрбанк» АҚ-ның ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «B-» деңгейінен «B» деңгейіне дейін көтеріп, тұрақты болжам берді. Ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzBB» деңгейінен «kzBB+» деңгейіне көтерілді.
Беделді халықаралық агенттік Нұрбанк-тің жеке кредиттік қабілеттілік (SACP) бағасын «b-» деңгейінен «b» деңгейіне қайта қарады. S&P Global Ratings сарапшылары банк капиталының жеткіліктілігі резервтеудің төмендеуі мен кірістің артуы есебінен қолдау табады деп күтеді, сондай-ақ 2024-2026 жылдары кредиттік портфельдің умеренный өсу қарқыны мен RAC коэффициентінің 10,0%-дан жоғары болуын болжайды. Осыған байланысты Нұрбанк капиталы мен кірістілігі көрсеткіштерінің бағасы «қанағаттанарлық» деңгейінен «жоғары» деңгейге өзгертілді.
«S&P Global Ratings» секілді ықпалды халықаралық агенттіктің тұрақсыздық пен жоғары құбылмалылық жағдайында «Нұрбанк» рейтингін «B» деңгейіне көтеруі – қаржы институтының тұрақтылығының жарқын дәлелі. Бұл рейтингтер капитал мен өтімділіктің жеткілікті деңгейін, активтер сапасының жақсаруын және жақсы кірістілікті көрсетеді. Ағымдағы жылдың 11 айында Нұрбанктің таза кірісі 12,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен екі есеге артық болды. Бұл нәтижелер біздің бизнес-модельдің тиімділігін дәлелдейді және 2025 жылдың да банкіміз үшін табысты болатынына сенім ұялатады. Болашақта біз транзакциялық бизнесті дамытуды, активтер сапасын арттыруды, қазақстандық нарықтың қажеттіліктеріне сай банк өнімдерінің желісін жетілдіруді және бизнес-процестерді оңтайландыруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ басқарма төрайымы Гүлнара Мусатаева.
B | Контрагент рейтингі |
Тұрақты | Рейтинг болжамы |
kzBB+ | Қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтинг |