«Нұрбанк» АҚ-ның тәуелсіз директоры – директорлар кеңесінің мүшесі болып Камалеев Рустем Ғұмарұлы тағайындалды. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына «Нұрбанк» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін, ол IT бөлімін келесі компанияларда басқарған: «Банк Kassa Nova» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «Халық-Life» Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы. Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша бітірген.