«Нурбанк» АҚ (бұдан әрі — Банк) «Capital Petrol» ЖШС-ның заңсыз және адал емес әрекеттері туралы мәлімдейді, соның салдарынан «7 континент» тұрғын үй кешенінің жазықсыз тұрғындары баспанасыз қалуы мүмкін.
2008 жылы «Нурбанк» АҚ «Capital Petrol» ЖШС-не «7 континент» тұрғын үй кешенінде тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу құқығын алу үшін несие берді. Несие алынған кезде тұрғын үй кешені аяқталмағандықтан, кепіл ретінде Банкке «Capital Petrol» ЖШС тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін пәтерді кепілге беру құқығын қабылдады.
Құрылыс аяқталғаннан кейін, «Capital Petrol» ЖШС тұрғын үй кешенінің шарттық міндеттемелерін бұзып, мүлікті Банкке кепілге бермей, заңсыз түрде сатты.
Қазіргі уақытта Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «7 континент» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату операцияларын заңсыз деп танып, «Capital Petrol» ЖШС-не пәтерлерді Банкке кепілге беру туралы міндеттеді.
«Capital Petrol» ЖШС-нің әрекеттері адал емес және заңсыз болып табылады. Осыған байланысты Банк «Capital Petrol» ЖШС-нен шарттық міндеттемелерін орындауды және қарызды өтеуді талап етеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, егер сот мәмілені жарамсыз деп таныса, «Capital Petrol» ЖШС «7 континент» тұрғын үй кешені тұрғындарынан заңсыз пәтер сатудан алған барлық ақшаны қайтаруы тиіс.