15 жылдан астам уақыт бойы «Нұрбанк» акционерлік қоғамы Қарағанды облысындағы шағын және орта бизнеске көмек көрсетіп келеді. Банкінің кредиттік желілерінің арқасында Қарағандының ірі автоорталықтарының бірі - «Отау» қаржылық қолдау алады. Бұл компанияға жаңа сауда-сервис орталығын пайдалануға беруге және тағы екі заманауи техникалық қызмет көрсету станциясын салуды бастауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні «Отау» автоорталығының жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асады. Оны облыстың ең кең және заманауи автомаркеттердің бірі деп айтуға болады. Мұнда сенімді темір тұлпарды сатып алуға ғана емес, сондай-ақ көлігі бұзылған жағдайда жөндетуге де мүмкіндік бар.
Компания кеңселік және коммерциялық ғимараттарды жалға береді. Бизнес-серіктестердің қолайлығы үшін, үш жыл бұрын нарық аумағында 5 мың шаршы метрден астам жаңа сауда-сервис орталығы салынған. Бұл нысанның құрылысы Нұрбанктің қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылды. Кредит пайызы «Даму» қоры тарапынан субсидияланады.
Жанат АХМЕТОВ «Отау» ЖШС директоры:
- Біз әрқашан жетілдіруді көздейміз, және жаңа технологияларды қолданып нысандарды саламыз. Осы мақсатта 2021 жылы біз жаңа сауда-сервис орталығын аштық, ал 2023 жылы біздің мүмкіншіліктерімізді кеңейту және қызметтер ассортиментін ұлғайту үшін екі сервистік орталықтың құрылысын бастадық. Біздің жобаларымыздың жүзеге асырылуына қаржылық қолдау көрсеткен біздің сенімді әріптесіміз - Нұрбанк.
Дереккөз: https://saryarqatv.kz/ru/news/36710