Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады: «Нұрбанк» АҚ ұсыныстары
контент

Абай болыңыз, алаяқтар

 

 

 

 

 

Клиенттің шотынан ақша аударуға, оның атына несие рәсімдеуге және клиенттің атынан басқа операциялар жасауға мүмкіндік беретін кең таралған алаяқтық схемалар:

    1. Банк қызметкері атынан қоңырау шалу Алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, күмәнді операция анықталғанын хабарлайды. Олар клиенттің жеке деректерін сұрап, жеке кабинеттегі құпиясөзді ауыстыруды, жаңа құпиясөзді және SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айтуды талап етеді.
    2. Ақшаны «қауіпсіз» немесе «айна» шотқа аударуды ұсыну Алаяқтар клиенттің шотынан ақша ұрлануы мүмкін екенін айтып, қаражатты шұғыл түрде «айна шотқа», «сақтандыру агентіне», «сақтандыру ұяшығына» немесе басқа шотқа аударуды ұсынады. Арнайы бағдарламалардың көмегімен алаяқтар банк нөміріне ұқсас немесе банк нөмірі болып көрінетін телефон нөмірлерінен қоңырау шала алады.
    3. Электрондық пошта немесе мессенджер арқылы жалған хабарламалар тарату Алаяқтар қайырымдылық акциялары, бірегей қаржылық қызметтер, ұтыс ойындары және басқа да ұсыныстар туралы хабарламалар жібереді. Хабарламада жеке деректерді енгізу немесе банктік операция жасау қажет болатын сілтемелер болады. Клиент карта деректерін енгізген жағдайда, алаяқтар қаражатты шешіп алуы мүмкін. Сондай-ақ, мұндай сілтемелерде құрылғыға зиянды бағдарлама орнататын вирустар болуы мүмкін.
    4. Қауіпсіздік қосымшасын жүктеуді сұрау Алаяқтар клиенттің мобильді қосымшасына бөгде тұлғалар кіруге әрекет жасап жатқанын айтып, «қосымша қауіпсіздік үшін» арнайы қосымшаны жүктеуді ұсынады. Негізінде бұл бағдарлама алаяқтарға телефонды қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде олар клиенттің атынан қоңырау шалып, қаржылық операциялар жүргізе алады.

Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?

    1. Жеке деректеріңізді хабарламаңыз – ЖСН, тегі мен аты, жеке куәлік нөмірі. 
    2. Банк картаңыздың деректерін хабарламаңыз – карта нөмірі, жарамдылық мерзімі, CVV/CVC-коды, PIN-код (картаның артқы жағындағы үш таңбалы код). 
    3. SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз. 
    4. Бейтаныс адамдар сұраған жағдайда қосымшаларды орнатпаңыз. 
    5. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. 
    6. Бейтаныс сайттарда жеке деректеріңізді қалдырмаңыз. 

 

Nur24.kz мобильдік қосымшасында операциялар лимитін орнатыңыз
Карта шығындарын бақылау үшін SMS тарату қызметін қосыңыз
Алаяқтық қаупі туындаса, картаны бірден бұғаттаңыз
PIN-кодты картаның қасында сақтамаңыз
Кез келген күдікті қоңырау, SMS немесе электрондық пошта хатында Банкке өзіңіз қоңырау шалыңыз
nurbank.kz ресми сайтындағы ақпаратқа ғана сеніңіз

Банк қызметкерлері ешқашан бөгде қосымшаларды орнатуды сұрамайтынын, SMS коды, карта мәліметтері мен құпия сөздерді сұратпайтынын есте сақтаңыз.