Міндеттері:
· Шағын және орта бизнес клиенттеріне қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету.
- ШОБ-қа жаңа клиенттер тарту үшін кәсіби консультациялар өткізу, презентациялар жасау, әлеуетті және қолдағы клиенттердің қызметін зерттеу арқылы олардың «Нұрбанк» АҚ ұсынатын қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау; клиенттерге консультация беру, тендерлік өтінімдер мен кепілдік өтінімдерін рәсімдеу үшін құжаттарын қабылдау және тексеру.
- Клиенттерге кеңес беру, тендерлік және жабылған кепілдік өтінімдерін рәсімдеу үшін құжаттарын қабылдау және тексеру;
- ШОБ клиенттеріне Банктің және оның еншілес компанияларының кешенді қаржылық қызметтер пакетін сату, оның ішінде коммерциялық кредиттеу, кепілдіктер шығару, заңды тұлғалардың депозиттерін тарту, есеп-кассалық қызмет көрсету, қашықтан банктік қызмет көрсету, сақтандыру және басқа да қызметтер.
- ШОБ клиенттерінің шоттары бойынша қалдықтар мен айналымдарды талдау, клиенттердің шоттарындағы айналым мен қалдықты арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ ШОБ клиенттерінің кетуін болдырмауға арналған шараларды ұйымдастыру.
- ШОБ клиенттеріне жеке тарифтер/салым шарттарын белгілеу мәселесі бойынша қажетті қорытындылар мен ұсыныстарды дайындау.
Білімі:
- қаржы/экономика/заң/техника-экономикалық менеджмент/маркетинг/математика салалардағы жоғарғы/ аяқталмаған жоғарғы білім.
- Басқа да жоғарғы білім.
Жұмыс тәжірибесі:
-
- Қаржы/экономика саласындағы жоғарғы/ аяқталмаған жоғарғы білімі болған жағдайда, банктік/қаржылық құрылымдарда, микро кредиттік ұйымдарда кемінде 1 (бір) жыл.
- Жоғарғы білімі басқа саладан болған жағдайда, банктік/қаржылық құрылымдарда, микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 2 (екі) жыл.