|
Міндеттері:
-
- Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына қатысты бөлімше жұмыскерлерінің қызметіне жетекшілік ету, ұйымдастыру және бақылау жүргізу;
- Шағын және орта бизнеске (бұдан әрі – ШОБ) жаңа клиенттер тарту мақсатында консультациялар жүргізу, презентациялар өткізу, ШОБ-тың әлеуетті және қатардағы клиенттерінің қызметін зерттеу арқылы олардың «Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) ұсынатын қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау
- Іскерлік хат-хабар алмасуды жүргізу;
- ШОБ клиенттеріне Банктің және оның еншілес компаниялары көрсететін кешенді қаржылық қызметтер, оның ішінде коммерциялық кредиттеу, кепілдіктер шығару, заңды тұлғалардың депозиттерін тарту, есеп-кассалық қызмет көрсетуден кірістер алу, қашықтан банктік қызмет көрсету, сақтандыру және басқа қызметтер пакетін сату;
- Қаржыландыру жобаларын қарастыру үдерісін сүйемелдеу (соның ішінде қаржыландыру жобаларын сараптауға қажетті құжаттарды жинау), қаржыландыру жобасы бойынша қорытынды пакетін құру;
- Қаржыландыру жобасына қаржылық-экономикалық талдау жүргізу және сараптамалық қорытындыны дайындау жұмыстарының жүргізілуін тексеру/бақылау.
Білімі:
экономика/қаржы/заң/техника-экономика салаларындағы жоғарғы білім;
жоғарғы білім (іштегі кандидатты көшірген кезде).
Жұмыс тәжірибесі:
- банк құрылымдарындағы (кредит бөліміндегі) жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
- жоғарғы білімі басқа саладан болған жағдайда, банктік құрылымдарда немесе микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 5 (бес) жыл.
Ілімі: 1. мемлекеттік (білгені абзал) және орыс тілдерін білу;
- Қазақстан Республикасындағы ЕДБ қызметін реттейтін банктік заңнама мен нормативтік құқықтық актілерін білу;
- Ұйымдастырушылық қабілет пен көшбасшылық қасиеттерінің болуы;
4. барлық офистік бағдарламаларды білу және олармен жұмыс істеу біліктілігі.
|