Міндеттері:
- Ұйымдардың еңбекақы жобалары бойынша жаңа және ағымдағы клиенттерді тарту, кәсіби консультациялар, презентациялар өткізу, әлеуетті және ағымдағы клиенттердің қызметін зерттеу арқылы олардың қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау;
- Банкоматтар мен POS-терминалдар/төлем терминалдарын орналастыру үшін жаңа серіктестерді жоспарлау, іздеу және тарту;
- Банкоматтар/POS-терминалдар/төлем терминалдарын ағымдағы бақылауды жүргізу және олардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
- Банкоматтар/POS-терминалдар/төлем терминалдарын орнату үшін серіктестермен жалдау келісімшарттарын жасау/ұзарту/бұзу үдерісін ұйымдастыру және серіктестердің міндеттемелерін орындауын бақылау;
- Міндетті және/немесе ұсынылатын ақпараттық көрсеткіштер мен қосымша жарнамалық материалдардың болуын бақылау (олар қарастырылған жағдайда);
- Ұйымдармен жұмыскерлерге банктік қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасау;
- Ұйымдардың клиенттерін кеңес беру, төлем карточкасын шығару үшін құжаттарды қабылдау және тексеру, халықаралық төлем карточкасын шығару/қайта шығару өтініштерін және Банктің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған басқа өтініштерді рәсімдеу;
- Банк ұсынатын кешенді қаржылық қызметтер пакетін сату (соның ішінде мәмілелерді жасау), оның ішінде «Жалақы» өнім бойынша кредиттік төлем карточкасы, банк клиентіне қашықтан банктік қызмет көрсету, интернет-банкинг (Nur24), SMS-хабарламалар беру.
Білімі:
- қаржы/экономика/техника/маркетинг/заң саласындағы жоғарғы білім;
- басқа да жоғарғы білім;
Жұмыс тәжірибесі:
банк немесе қаржы құрылымдарындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл;
Ілімі:
- Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу;
- Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі;
- Сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы;
- Еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, жұмыстың ішкі тәртібінің ережелерін білу.