Антифрод Қызметтің сарапшысы

Антифрод Қызметтің сарапшысы

Антифрод қызметі
Алматы
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

    • Алаяқтықтың алдын алуға қатысты бөлігінде Банктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді талдау, сондай-ақ Банктің бизнес-үдерістерін оңтайландыру ісіне қатысу.
    • Антифрод жүйелерінің функционалын/ережелерін нөлден бастап әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы функционалды/ережелерді жетілдіру.
    • Антифрод жүйесіне келіп түсетін инциденттерге мониторинг жүргізу.
    • Алдын алу және бақылау жүйелерінің тиімділігін, нәтижелілігін және жеткіліктілігін талдау.
    • Қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Антифрод жүйесінің бағдарламалық қамтамасын жеткізушілердің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасау.
    • Транзакцияларды жүргізу және/немесе клиенттердің өзге де әрекеттері барысында туындайтын аномалияларды анықтауға бағытталған талдамалық жұмысты жүзеге асыру.
    • Цифрлық арналардағы күмәнді оқиғаларды анықтау сценарийлерін оңтайландыру арқылы тәуекелдерді төмендету мүмкіндігі үшін Банктегі оқиғаларды жинау және талдау.
    • Антифрод жүйесін кешенді функционалдық тестілеуге қатысу.
    • Әртүрлі салалардағы алаяқтықтың жаңа схемаларын болжау, талдау, инциденттерді қарау, сондай-ақ жаңа ықтимал алаяқтық схемалардың алдын алуға арналған тиісті құралдарды пысықтау.
    • Антифрод жүйелерін және бизнес-үдерістерді оңтайландыру және дамыту бойынша ұсыныстар енгізу.
    • Жаңа технологияларды зерделеу және кәсіби білім деңгейін арттыру.

Талаптар:

Білімі:

- экономикалық/қаржылық/техникалық/заң салаларындағы жоғарғы білім.

Жұмыс тәжірибесі:

- банк саласында/қызмет бағыты бойынша кемінде 2 (екі) жыл.

Ілімі мен біліктілігі: - Кейстерді талдау, деректерді талдау, тергеу кейстерін әзірлеу, метрик тәуекелдерін, фрод жүйелерін білу.

- Карточка бизнесіндегі (карточкалық процессинг) жұмыс тәжірибесі, Visa, Mastercard төлем жүйелерінің ережелерін, алаяқтық мәселелері бойынша ХТЖ-мен өзара іс-қимыл жасауды білу. - Антифрод жүйелерінің ақпараттық әртүрлі көздермен интеграциялау тәжірибесі.

- Сұраныстардың тілдерін (SPL, SQL) түсіну.

23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз