Кредиттік әкімші

Кредиттік әкімші

Кредиттік әкімшілендіру
Өскемен
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  1. Қарыз алушымен қарыздар/банктік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау мәселелері бойынша жұмыс істеу, соның ішінде, Банктің уәкілетті органының шешіміне сәйкес қарыз алушымен ерекше шарттарды орындау.

  2. Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған, сондай-ақ Банктің уәкілетті органдарының шешімдерімен көзделген кешіктірілген берешекті қайтару іс-шараларын жүзеге асыру.

  3. Қарыз алушының тәуекелдерін арттырумен байланысты кредит беру шарттарын өзгерту туралы ұсыныстарды талдау (90 күнге дейінгі кешіктірілген қарыздарды қайта құрылымдауды қоса алғанда).

  4. Қарыз алушылармен ұсынылған кредит беру шарттарын өзгертуге арналған өтініштерді, тендерлерге қатысу үшін қарыз берешегінің жоқтығы туралы анықтамаларды және Банкте шағын және орта кәсіпкерлікті кредиттеу реттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес басқа да өтініштерді қарау және өңдеу.

  5. Банктің алқалық органына/комитеттеріне мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға сапалы дайындалған, дұрыс ресімделген, сенімді және толық материал алға тарту.

  6. Басқарушы бөлімшесі белгілеген жоспарлы көрсеткіштерді орындауға арналған іс-шараларды жүзеге асыру.

  7. Кіші және орта бизнеске арналған ынталандыру бағдарламалары шеңберінде жоспарлы көрсеткіштерді орындау.

  8. Банкте қабылданған ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау.

Білім беру: 

  • Жоғары экономикалық / техникалық / қаржылық / математикалық / заңгерлік білім;
  • Жоғары экономикалық / техникалық / қаржылық / математикалық / заңгерлік толық емес білім (сырттай оқудағы 4-5 курстар);
  • Орта арнайы экономикалық / техникалық / қаржылық / математикалық / заңгерлік білім.

Жұмыс тәжірибесі: 

Банктік немесе қаржылық құрылымда ең аз дегенде 6 ай немесе АО Нұрбанкке оқуға (тәжірибе алмасу) кем дегенде 1 (бір) ай барған жағдайда тәжірибенің болуы қажет емес.

Лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру үшін жалпы білім/дағдылар:

  • Компьютерде жұмыс дағдылары, MS Office стандарттық пакеттің негізгі бағдарламаларын білу (қолданушы);
  • Іскерлік қарым-қатынас этикасының дағдылары;   
  • Сауатты жазу және ауызша сөйлеу; 
  • Еңбекті қорғау, еңбек ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің нормаларын білу.
23.09.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз