1) Аударымды қайтару «қолма-қол алу» тәсілімен жіберілген жағдайда ғана мүмкін
2) Аударымды Nur24.kz қосымшасы арқылы өзіңіз 30 күнтізбелік күн ішінде қайтаруға болады
3) Аударым сомасы аударым комиссиясымен бірге толық қайтарылады
4) Аударымды алушыға берілмеген жағдайда ғана қайтаруға болады, яғни алушы «қолма-қол алу» тәсілімен алып үлгермеген болса
5) «Аударымдар тарихы» бөлімінен өзіңіз жіберген аударымды тауып, «Аударымды қайтару» батырмасын басыңыз. Аударым сіздің ағымдағы шотыңызға немесе ақша жіберілген картаға қайтарылады
6) 30 күнтізбелік күн өткен соң, UPT жүйесі аударымды автоматты түрде сіздің шотыңызға немесе картаңызға қайтарады