Міндеттері:
- Клиенттерге операциялық қызмет көрсету: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде VIP-клиенттер, филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлғалары, жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар және кәсіби медиаторлар;
- Клиенттерге консультация беру, соның ішінде Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйесі (АБАЖ) арқылы келесі операцияларды жүргізу:
- Клиенттерге Банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу (сонымен қатар төлем карточкаларын пайдаланылатын);
- Салымдарды қабылдау және беру шарттары;
- банктік шоттар бойынша, соның ішінде төлем карточкалары қолдану және қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйелері арқылы операциялар жасау;
- төлем карточкаларын, соның ішінде корпоративтік төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету шарттары;
- банктік шот ашпастан, банктік операциялар жүргізу (соның ішінде халықаралық төлем жүйелері бойынша аударымдар: Western Union, Contact, Unistream, Золотая Корона);
- валюталық операцияларды жүргізу;
- есеп-кассалық қызмет көрсету (соның ішінде бастапқы құжаттарды рәсімдеу);
- сейф операциялары (филиал қызметтің бұл түрін ұсынған жағдайда);
- Клиенттерге басқа да қосымша банктік және банктік емес қызметтерді ұсыну.
Бас менеджердің лауазымына жаңа кандидатты қабылдаған кезде және іштегі кандидатты көшірген кезде: жоғарғы білім.
Жұмыс тәжірибесі:
ЕДБ пен Банктің операциялық бөлімшелерінде кемінде 6 (алты) ай немесе банк құрылымындағы жалпы еңбек өтілі кемінде 1 (бір) жыл.
Лауазымдық міндеттерін атқаруына қажетті жалпы ілімдер/біліктер:
- Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу;
- Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі;
- сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы;
- Еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, жұмыстың ішкі тәртібінің ережелерін білу.
Тілдерді білуі:
- Ағылшын – қажет болған кезде.