Сіздерге «Интернет-банкинг» жүйесінде электрондық банктік қызметтерді ұсыну туралы стандартты шарттың нысанына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз, ол «Нұрбанк» АҚ басқарушылығының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 60 хаттамасымен бекітілген, 2020 жылғы 23 қазанда «Нұрбанк» АҚ басқарушылығының № 82 хаттамасымен бекітілген № 1 түзетулерімен.
Шарт талаптарына сәйкес енгізілген өзгерістерге келіспеген жағдайда, сіз шарттың орындалуын тоқтату үшін Банкке шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама ұсыну құқығына иесіз.
Сіз осындай хабарлама ұсынбаған кезде, бұл Банктің сайтында орналастырылған шарттың жаңа редакциясымен және енгізілген өзгерістермен/толықтырулармен тұтастай келісуіңіз болып табылатынын білдіреді.
Шарттың типтік нысанына келесі өзгерістер енгізілді:
1. Шарттың 2.5 тармағының соңғы екі абзацы келесі редакцияда баяндалған:
«Клиентке төлем және басқа да қызметтерді Банктен алған және алатын басқа да құжаттарды және/немесе ақпараттарды ұсыну;
Клиентке Банкке электрондық құжат нысанында хаттарды, сұраулар мен басқа да құжаттарды және өтініштерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету».
2. Шарттың 3.2 тармағы келесі редакцияда баяндалған:
«3.2. Осы Шарттың әрекеті Қосылу туралы Өтініште көрсетілген Клиенттің банктік шоттарына, сондай-ақ «Нұр-Комфорт» банктік салымдарды қабылдаудың жалпы шарттары туралы Бас Келісімнің шарттарына сәйкес ашылатын банктік шоттарға қолданылады. Клиенттің қосылу туралы Өтініште көрсетілген емес, банктік шоттарын «Интернет-банкинг» жүйесіне қосу үшін Клиент Банкке жаңа шот(тар) қосу туралы қосымша өтініш ұсынуға міндетті (Келісім негізінде ашылатындардан басқа)».
3. 4.1 тармағын келесі мазмұндағы абзацпен толықтыру:
«Сделкалар бойынша растауды Келісімге сәйкес жіберу».
Шартқа енгізілген өзгерістер 2023 жылдың 02 наурызынан бастап күшіне енеді.