«Нұрбанк» АҚ «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасы Алматы қаласында бизнес-банктік сектор мен республикалық ұйымдар арасында үздік қайырымдылық жоба бойынша «Жүректен – жүрекке» байқауы аясында жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы ретінде танылды.
Байқауды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты — аз қамтылған халық топтарына көмек көрсету арқылы қоғамдағы әлеуметтік жіктелуді еңсеру және қазақстандық қоғамның келісімі мен консолидациясын дамыту. 27 қарашада Астана қаласында республикалық деңгейдегі ең үздік әлеуметтік жобалар таңдалады.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұрбанктың» «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасы аясында 2015 жылы ОҚО, ШҚО және СҚО үш облысынан Қазақстан Республикасы балалар үйлерінің 17 түлегі Каспий университетіне түсті, ал 2014 жылы Алматы қаласындағы балалар мекемелерінің 10 түлегі болды. Қазіргі уақытта олар 2-курс студенттері болып табылады. Осылайша, қазіргі уақытта 27 балалар үйінің түлегі университетте оқиды. Бағдарлама аясында банк оқуға төлем, ай сайынғы шәкіртақылар, жүріп-тұру билеттері, тамақтану және Алматы қаласында тұру шығындарын өз мойнына алды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша білім алып жатқан студенттер болашақта банктің көптеген өңірлік бөлімшелерінде жұмысқа орналаса алады.