Осы арқылы "Нұрбанк" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) мүдделі тараптың қатысуымен жасалатын мәміле туралы хабарлайды.
- Мәмілені жасау туралы шешімді ұйымның органы қабылдаған күн – 2015 жылғы 29 қыркүйек;
- Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны — қолданылмайды;
- Мәміле заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні — қолданылмайды;
- Мәміле заты болып табылатын мүліктің құнының ұйымның барлық активтерінің құнындағы пайыздық арақатынасы — қолданылмайды;
- Мәміленің негізгі маңызды шарттары — ұйым қызметкерлеріне банктік қызмет көрсету жөніндегі №20/15 шарт;
- Мәміле жасалған күн – 2015 жылғы 13 қазан.