Осы арқылы «Нұрбанк» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Банктің еншілес компаниясы - Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын «НУР-ТРАСТ» АҚ қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы хабарлайды (мекенжайы: 050013, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Желтоксан к-сі, 173). Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
компания қызметінің тоқтатылуы туралы бұйрығы 2015 жылдың 4 маусымында ресімделді. «НУР-ТРАСТ» зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын АҚ-ның өз еркімен тарату мәселесі бойынша шешім Банктің Директорлар кеңесінде 2011 жылғы 28 қазанда қабылданды. Ликвидациялық процесс 2011 жылғы 28 қазаннан бастап 2015 жылғы 4 маусымға дейін созылды.