«Нұрбанк» АҚ-ның үлестік қатысуының ұлғаюы

«Нұрбанк» АҚ-ның үлестік қатысуының ұлғаюы

Осы арқылы «Нұрбанк» Акционерлік Қоғамы (ары қарай – Банк) «Атамекен» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ капиталындағы Банктің үлестік қатысуы (дауыс беруші акциялар санының пайыздық арақатынасы) 96,5172%-дан 98,4632%-ға дейін ұлғайғанын хабарлайды. Бұл «Нұрбанк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы болып табылатын осы ұйымның акцияларын қолданыстағы акционерден сатып алу арқылы жүзеге асырылған мәміле нәтижесінде орын алды, және бұл операция «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ жүйесінде 2014 жылғы 5 желтоқсан күні тіркелген. Банктің иелігіндегі акциялар саны өзгерген жоқ және 32 036 жай акцияны құрайды, орналастырылған акциялар санынан үлесі бұрынғыдай – 95,9162%.

31.12.2014