ҚР Ұлттық Банкінің акциялардың орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі

ҚР Ұлттық Банкінің акциялардың орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі

Осы арқылы «Нұрбанк» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің акциялардың орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіткенін хабарлайды.

  1. Бағалы қағаздардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні - қолданылмайды;
  2. Шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық идентификациялық нөмір - қолданылмайды;
  3. Облигациялар шығарылған жағдайда оларға қосымша көрсетіледі: номиналды құны, айналыс мерзімі және өтеу тәртібі, оларға кіріс төлеу тәртібі мен мерзімдері, проспектідегі ковенанттар және/немесе басқа да шектеулер – қолданылмайды;
  4. Жарияланған бағалы қағаздар санының көбеюі: бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеудің күні, жарияланған бағалы қағаздар санының көбею туралы шешім қабылдаудың күні мен шешім қабылдаған акционерлік қоғамының органы, бағалы қағаз шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізілген соң жарияланған бағалы қағаздар саны - қолданылмайды;
  5. Бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдау күні - қолданылмайды;
  6. Бағалы қағаздарды орналастырудың басталу күні, орналастыру шарттары, ұсынылған бағалы қағаздар саны және орналастыру әдісімен көрсетілген - қолданылмайды;
  7. Бағалы қағаздарды орналастырудың аяқталу күні (есептік мерзімді көрсетумен), бағалы қағаздарды өтеу мерзімі - орналастыру кезеңі: 2014 жылғы 11 сәуірден 2014 жылғы 10 қазанға дейін;
  8. Бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні, орналастырылған (өтеген) бағалы қағаздар саны мен түрін көрсетумен - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 20.11.2014 жылы бекітілген, есептік кезеңде акциялар орналастырылмаған;
  9. Акционерлік қоғаммен есептік кезеңде өз иеленушілерінен сатып алынған бағалы қағаздардың саны мен түрлері - сатып алынбаған;
  10. Есептік кезеңде акциялар бойынша дивидендтер, облигациялар бойынша кіріс төлеу туралы ақпарат – төленбеген;
  11. Бағалы қағаз шығарылымын жою күні мен жою негіздемесі - қолданылмайды.
28.11.2014