Жазбаша ескерту №58-12-10/2752

Жазбаша ескерту №58-12-10/2752

«Нұрбанк» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) 2014 жылғы 21 қарашада Банктың 2014 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қарағанды филиалынан №58-12-10/2752 жазбаша ескертуін алғанын хабарлайды. Бұл ескерту Банктың Қарағанды филиалы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8-бабын және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы №19 қаулысымен бекітілген «Банк қызметтерін ұсыну және банк қызметтерін ұсыну барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау» Ережесінің 27-тармағын бұзу фактісі бойынша берілді. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеуге Банктің жазбаша келісімін беру және әділет органдарына ұсыну үшін жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың түпнұсқаларын беру мәселесін қарау мерзіміне орай ескерту берілді.

28.11.2014