Хабарландыру

Хабарландыру

Осы арқылы «Нұрбанк» АҚ (қайта мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 3868–1900–АО, 09.11.2004 ж.) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 51–53 мекенжайында орналасқан, ҚР Ұлттық банкінде KZ61125KZT1001300296 есепшоты, КБе14, БИК NBRKKZKX, БИН 930940000164, Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (25 қараша 2014 жылғы хаттама) «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шақырылатынын хабарлайды, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 43-бабының 1-тармағына және «Нұрбанк» АҚ Жарғысының 19-бабының 8-тармағына сәйкес келесі күн тәртібімен:

1) «Нұрбанк» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту. «Нұрбанк» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қоюға уәкілетті тұлғаны анықтау;

2) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту;

3) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер жөнінде. Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі – тәуелсіз директорды сайлау. Директорлар кеңесінің мүшесіне – тәуелсіз директорға өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы мен шығындарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау.

Аталған жиналыс 2014 жылғы 29 желтоқсан күні сағат 10-да Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 51–53, үлкен мәжіліс залы, 5-қабат мекенжайында өтеді. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін жерде сағат 09.00-ден бастап жүргізіледі.

«Нұрбанк» АҚ акционерлерін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз. Күн тәртібі және акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге қатысты ақпарат және материалдармен Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 51–53, «Нұрбанк» АҚ офистерінде танысуға болады, байланыс телефоны 8 (727) 259–97–10 (Корпоративтік хатшы Орынбетова Ардақ – ішкі 5783).

«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Нұрбанк» АҚ акция ұстаушылар тізілімі мәліметтеріне сәйкес 2014 жылғы 26 қарашадағы жағдай бойынша құрылады. Сіздердің назарларыңызды акционерлік қоғамдар туралы заңның 39-бабының 2-тармағына сәйкес, акционерлер тізімін құрастырудан кейін жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқығы бар әлі алушы дауыс беруші акцияларын өзгертсе, жаңа акция иесі болады. Тағы, акционерлер жалпы жиналысының құжаттарына акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу үшін жеке тұлға акционерлер жеке басын куәландыратын құжатты өзімен алулары керек.

Жеке тұлға акционерлердің өкілдері Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес рәсімделген және нотариалды куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы керек.

Заңды тұлға акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы керек. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет ету немесе оның мүдделерін көрсету құқығына ие тұлға акционерлердің жалпы жиналысына қатысып, мәселелерді дауысқа қоюға қатысу үшін сенімхат ұсынуы қажет емес.

Заңды тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында банк және банк қызметі туралы» Заңының 17-бабының 5-тармағын олар және олардың акционерлері (қатысушылары) орындағаны жөнінде өтініш беруі қажет. Өтініш формасы банк сайтына орналастырылған http://www.nurbank.kz.

Акционерлік қоғамдар туралы заң талаптарына сәйкес, жалпы жиналысында номиналды ұсталған және орталық депозитарийдің есеп жүйесінде деректері жоқ иесіне тиесілі акциялар бар акционерлер дауыс беру құқығына қабылданбайды.

Кворум болмаған жағдайда жыл сайынғы акционерлердің қайталап жалпы жиналысы 2014 жылғы 30 желтоқсан күні сол уақытта, жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі.

Қосымша. Акционердің өтініші (жүктеу .doc, 29 КБ)

27.11.2014