Әлеуметтік бағдарлама «Өмірге жолдама»

Әлеуметтік бағдарлама «Өмірге жолдама»

Жаңа оқу жылында Республикалық ауқымдағы Әлеуметтік бағдарлама "Өмірге жолдама" "Нұрбанк" АҚ мен Каспий университетінің «Жыл мейірімділік» жобасының аясында табысты басталды.

«Өмірге жолдама» бағдарламасы арқасында Алматы қаласының 11 бала үйінің тәрбиеленушілері Каспий университетіне оқуға түсті. «Нұрбанк» АҚ мен Каспий университеті олардың оқу шығындарын, ай сайынғы стипендияны және оқу үрдісіне байланысты басқа да шығындарды өз мойнына алды.

Сонымен бірге, «Өмірге жолдама» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер болашақта «Нұрбанк» АҚ-тың көптеген аймақтық бөлімшелерінде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Сәкен Ахметов, "Нұрбанк" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:

"Бағдарлама тек білім үйінде оқу кезінде білім алуға ынтасы бар және шынымен жоғары білім алуға ұмтылатын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналғанын атап өткім келеді. Бұл студент, банк және мемлекет үшін өзара тиімді ынтымақтастық. Балалар үйінің түлегі білім алып, жұмысқа орналасады, банк келешекті маман алады, ал мемлекет толық құқықты қоғам мүшесін олжалайды."

«Нұрбанк» жүзеге асыратын көптеген қайырымдылық және демеушілік жобалардың ішінде, ең әлсіз халық топтарына ерекше назар аударылады. «Жылылық сыйлайтын уақыт» акциясы жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Қазақстан бойынша жыл сайын «Нұрбанк» АҚ арқылы өткізіледі. 2008 жылдан бастап «Нұрбанк» пен «КТК» ТК бірлескен «Үйге жол» әлеуметтік жобасының серіктесі. Бұл жоба жетімдікті насихаттауға бағытталған. Жобаның басты мақсаты — жетім балаларға жаңа отбасы табуға көмектесу.

Сәкен Ахметов, "Нұрбанк" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:

"Нұрбанк атқара алатын әлеуметтік жобалар, бұл мәселеге қоғамның назарын аударып қана қоймай, шынайы түрде әлеуметтік мәселені шешуге әсер етеді. Біздің бағалауымызша, «Үйге жол» жобасының арқасында 300-ден астам қазақстандық бала отбасы тапты. Қоғамда қайырымдылық дәстүрін нығайтқымыз келеді, сондықтан басқа да жақсылық істер жоспарланып отыр.

АО «Нұрбанк» 1992 жылдың 3 тамызында Атырау қаласында құрылды. 2003 жылы бас банк Алматыға көшті.

Қысқа уақыт ішінде "Нұрбанк" АҚ шағын аймақтық банктен республикалық деңгейге шықты. Бүгінгі таңда «Нұрбанк» АҚ толық банктік қызмет көрсету спектрін ұсынады. Банк филиалдардың кең желісін құрды: Қазақстанның барлық негізгі өңірлерінде 16 филиал және 60 әмбебап банк қызмет көрсету орталықтары мен филиал реусрус бөлімдері. Банктің негізгі акционері - "JP FINANCE GROUP" ЖШС (67,84%). Мемлекеттік қаржылық қадағалаудың мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылдағы бірінші жартыжылдық нәтижесінде «Нұрбанк» Қазақстанның 38 банк ішінде активтер көлемі бойынша 14-ші орында.

«Банкиръ» журналының «2013 жылы ең сенімді банк» байқауының нәтижесінде Нұрбанк «Үздік қайырымдылық жобалары үшін» арнайы номинациясында жеңімпаз атанды.

*******

Каспий университеті - Қазақстан Республикасының алғашқы жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі. 1992 жылы Алматы қаласында құрылды. Университетке іс барысында келесі білім беру мекемелері қосылды: "Әділет" Жоғары Құқық мектебі, "Парасат" көппрофильді институты, "Ақсим" Алматы құрылыс және менеджмент колледжі.

ЖОО құндылықтары ретінде жоғары кәсібилік пен этикалық стандарттарға сәйкес келу, сондай-ақ оқыту технологиялары мен жаңа білімдерді жетілдіру бағытында жаңашылдық есептеледі. Каспий университеті бүгінгі таңда жоғары халықаралық стандарттарға сай келу үшін сапалы білім алудың кепілі болып табылады.

Каспий университетінің ректоры - құқық саласындағы философия докторы, профессор Нусенов Жолдасбек Муслимұлы.

11.09.2014