ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, 2014 жылғы 30 мамыр
Нурбанк Балаларды қорғау күні қарсаңында дәстүрлі «Жылулық сыйлау уақыты» акциясын өткізетінін жариялады. Акция аясында мерекелік шаралар Қазақстанның 16 қаласында интернат мектеп тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналып ұйымдастырылады.
«Балаларды қорғау күні ең алдымен ересектерге, ата-ана қамқорлығын көрмеген көптеген балаларға жарқын болашақ беру қабілетін еске салады. Сіз сөзбен, іспен, ақшамен немесе қарым-қатынас арқылы көмектесе алсаңыз – маңыздысы қалай және немен көмектесетініңіз емес, осы мүмкіндікті пайдалану және міндетті түрде көмек көрсету маңызды! Себебі, мүмкін осы оң әсер олармен бүкіл өмір бойы қалады», – деді «Нурбанк» АҚ Басқарма төрағасы Қантар Орынбаев.
Сонымен қатар, «Нурбанк» Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің төрт тәрбиеленушісінен құралған «Дудар-ай» тобын қолдады: Ермек, Серік, Қайыржан және Ахмет. Акция аясында Қантар Орынбаев балалармен бірге Алматы қаласындағы ерлер киім дүкеніне барып, жас музыканттар түрлі ән байқауларына қатысу үшін өз бетімен костюмдер таңдады.
Көптеген қайырымдылық және демеушілік жобалар арасында «Нурбанк» ең әлсіз әлеуметтік топтарға ерекше назар аударады. «Жылулық сыйлау уақыты» акциясы жыл сайын өткізіліп, Қазақстанның бүкіл аймақтарында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылады. 2008 жылдан бастап «Нурбанк» «КТК» ТРК-мен бірлесіп, жетім балаларды асырап алуды насихаттау мақсатында «Үйге жол» атты әлеуметтік жобаның серіктесі болып келеді. Жобаның басты мақсаты – жетім балаларға жаңа отбасы табуға көмектесу. Орынбаев мырзаның айтуы бойынша бұл бағдарлама қоғамның осы мәселеге назарын аударып қана қоймай, нақты әлеуметтік мәселені шешуге ықпал етеді.
«Біздің есептеуімізше, «Үйге жол» жобасының арқасында 300-ге жуық қазақстандық балалар отбасын тапты», – деп қорытындылады Орынбаев мырза.
«Нурбанк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 599 710
e-mail: pr@nurbank.kz