«Нұрбанк» акционерлік қоғамы 2014 жылғы 29 сәуірде өткен жылдық жалпы акционерлер жиналысының қорытындысы бойынша төмендегі шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
1) 2013 жылға арналған «Нұрбанк» АҚ-ның жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту;
2) 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
3) 2013 жылғы қызмет қорытындысы бойынша шығын болғандықтан, «Нұрбанк» АҚ-ның таза кірісі тәртібін бөлмеу;
4) «Нұрбанк» АҚ-ның резервтік капиталын қалыптастырмау. Бұрынғы есепті кезеңдерде қалыптастырылған резервтік капиталды 8 886 568 987,76 теңге (сегіз миллиард сегіз жүз сексен алты миллион бес жүз алпыс сегіз мың тоғыз жүз сексен жеті теңге 76 тиын) мөлшерінде бұрынғы жылдардың шығынын азайтуға бағыттау;
5) 2013 жыл үшін «Нұрбанк» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу;
6) «Нұрбанк» АҚ-ның 2014 жылға арналған жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу үшін «KPMG» ЖШС аудит фирмасын бекіту;
7) 2013 жылы акционерлерден «Нұрбанк» АҚ әрекеттері мен оның лауазымды тұлғаларына қатысты шағымдардың түспегені туралы ақпаратты назарға алу;
8) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі құрамын өзгерту мәселесін Банктің басқа жалпы жиналысына ауыстыру;
9) «Нұрбанк» АҚ Жарғысына №4 өзгерістер мен толықтыруларды бекітіп, оларды «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Орынбаев Қантар Бекәрәліұлына қол қоюға өкілеттігі беру;
10) «Нұрбанк» АҚ корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясын бекіту және 2008 жылғы 5 қыркүйегінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысымен бекітілген «Нұрбанк» АҚ банк конгломератының корпоративтік басқару кодексінің мерзімін тоқтату;
11) 2013 жыл үшін «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақыларының мөлшері мен құрамына қатысты ақпаратты назарға алу.