Банкирлер балалар үйінде жаңажылдық шырша өткізді

Банкирлер балалар үйінде жаңажылдық шырша өткізді

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, 2013 жылғы 23 желтоқсан  ж.

Жаңа жыл қарсаңында «Нурбанк» банк жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар үшін жаңажылдық шырша ұйымдастырды. Банк топ-менеджерлері балалармен және аниматорлармен шырша айналасында хоровод билеп, ертегі кейіпкерлерімен ойнады. Мереке ұйымдастырушыларынан балалар тәтті сыйлықтар алды.

«Бүгін шыршаға 30 бала келді. Жаңа жыл қарсаңында барлығымыздың мерекелік көңіл-күйіміздің болғаны маңызды. Әсіресе, мұқтаж жандар үшін. Бүгін біз балаларға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлап үлгердік деп үміттенемін», - деп бөлісті өз әсерлерімен ҚР «Нурбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Кантәр Орынбаев.

Жүзеге асырылатын көптеген қайырымдылық және демеушілік жобалар ішінде «Нурбанк» банка жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға ерекше көңіл бөледі. 2008 жылдан бастап «Нурбанк» ТК «КТК»-мен бірлескен «Үйге жол» әлеуметтік жобасының серіктесі болып табылады, жоба жетім балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған. Жобаның басты мақсаты - жетімдерге жаңа отбасы құруға көмектесу. Г-н Орынбаевтың айтуынша, бұл бағдарлама тек аталған мәселеге қоғам назарын аударып қана қоймай, оны әлеуметтік тұрғыдан шешуге нақты әсер етуге көмектеседі.

«„Үйге жол“ жобасы арқасында 2013 жылы 32 бала отбасын тапты», - деп қорытындылады г-н Орынбаев.

«Нурбанк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 599 710
e-mail: pr@nurbank.kz

 

 

23.12.2013