БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы, 2013 жылғы 23 желтоқсан
Жаңа жыл және желтоқсандық каникул қарсаңында «Нұрбанк» АК «Жылы лебіз уақыты» акциясы аясында жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үшін Disney студиясының «Мұзды жүрек» анимациялық фильмінің дәстүрлі қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды. Акция аясында «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Қантар Орынбаев және Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің 30 тәрбиеленушісі Kinopark 11 IMAX 3D, Essentai Mall СОО, мультфильміне қатысты.
«Жаңа жыл қарсаңында тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалар, басқа кезден де артық, — тосынсыйларды, ғажайыптарды, сыйлықтарды күтеді. Бірақ ең көп олар отбасылық жылылықты, қарым-қатынасты және ересектердің қолдауын күтеді. Бүгін біз үлкен отбасы ретінде киноға бардық, поп-корн жедік және мультфильмнің сюжеті туралы талқыладық. Жаңа жыл жетім балалар үшін біршама жылы және қуанышты өтуін тілеймін. Әркім көмекке мұқтаждарға көмектесуге және қолынан келгенше қалыс қалмауға шақырамыз», — деді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Қантар Орынбаев.
«Мұзды жүрек» мультфильмін көргеннен кейін балаларды Жаңа жылдық сыйлықтар мен сый-сияпаттар күтті.
Көптеген қайырымдылық және демеушілік жобалар аясында «Нұрбанк» жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше көңіл бөледі. 2008 жылдан бастап «Нұрбанк» ТК «КТК»-мен бірлескен, жетім балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған «Үйге жол» әлеуметтік жобасының серіктесі болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты — жетімдерге жаңа отбасы табуға көмек көрсету. Мырза Орынбаевтың айтуынша бұл бағдарлама қоғамның осы мәселеге назарын аударуға ғана емес, сонымен бірге шынайы әлеуметтік мәселені шешуге ықпал етеді.
«2013 жылы «Үйге жол» жобасы арқасында 32 бала отбасы тауып алды» — деп қорытындылады мырза Орынбаев.
«Нұрбанк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 599 710
e-mail: pr@nurbank.kz