2013 жылғы 24 тамызда «Нурбанк» №8 арнаулы (түзету) мектеп-интернатының ЗПР-мен балаларына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Дибек» ат клубында қайырымдылық шарасын өткізді. Акция барысында банк басшылығы балаларға жарқын және есте қаларлық мереке ұйымдастырды.
««Дибек» ат клубында мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері жазғы демалысын екінші жыл қатарынан өткізуде. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, балалармен демалыс күндерін бірге өткізуге шешім қабылдадық, себебі ересектермен «тірі қарым-қатынас» балаларға пайдалы болады. Мұндай кездесулер Банк үшін дәстүрге айналды. Дегенмен, ат клубында балаларға арналған ойын бағдарламасы алғаш рет ұйымдастырылды», — дейді «Нурбанк» басқарма төрағасы Кантар Орынбаев.
Қазіргі уақытта «Дибек» ат клубында 9-17 жас аралығындағы 31 бала тұрып жатыр. Акция аясында таңертеңгі уақытта ат клубында ең жақсы сурет байқауы, ат шаруашылығы бойынша викторина және турникке тартылу жарысы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша банкирлер балаларға MP-3 плеерлер мен рюкзактар сыйлады. Іс-шара барысында балалар байқауларға белсенді қатысты және жазғы демалыста «Дибек» клубында ат үйрету өнерін меңгерген дағдыларын көрсетті.
«Ат клубында оқу, еңбек және демалыс шынайы отбасыдағыдай ұйымдастырылған. Мұнда балалар жаңа қырынан ашылады. Сондықтан жазғы демалыс кезінде біз балаларды ат шабу, алғашқы ат ертіп жүру дағдыларын үйреттік және гүлдерді күту әдістерін үйреттік. Бізге келген балалар клубты ұнатады», — дейді «Дибек» Ат Клубының» директоры Галым Кенжебаевич Буршакбаев.
Түс ауа банкирлер балалармен спорттық ойындар ойнады, одан кейін би шоу-балеті хип-хоп стилінде би үйрету сабағын көрсетіп, іс-шара соңында дискотека ұйымдастырды.
«Мұндағы әр бала назарға мұқтаж, және бүгін біз оны өтеуге тырыстық. Мұндай қайырымдылық қолдау көрсету бастамасының арқасында біз, тіпті уақытша болса да, балаларға отбасы, қуаныш және қамқорлық сезімін сыйлай алдық», — дейді К. Орынбаев.
Байланысу тұлғасы:
Айгүл Касенова
«Нурбанк» АҚ баспасөз хатшысы
тел. +7 727 2 599 710
сот. +7 701 (707) 132 59 69
e-mail: akassenova@nurbank.kz
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|