Нұрбанк «Үздік қайырымдылық жобалар» номинациясында марапатқа ие болды

Нұрбанк «Үздік қайырымдылық жобалар» номинациясында марапатқа ие болды

2013 жылдың 13 маусымында «Банкиръ» журналы «Сенімге ие болған банк — 2013» атты 1 Халықаралық конкурстың қорытындысын жариялады, оның барысында Украинаның, Балтияның, Қазақстанның, Грузияның, Молдованың, Әзірбайжанның және Ресейдің ең сенімді банктері анықталды. Банктердің қызметі рейтингтік агенттіктердің мәліметтері, сарапшылардың пікірі, қаржы нарығын реттеуші органның деректері және әр банк туралы ашық дереккөздер бойынша талдау арқылы бағаланды. «Үздік қайырымдылық жобалар» номинациясы бойынша талдау жүргізу кезінде салалық қорлар мен қауымдастықтардың деректері ескерілді. Конкурс Украинаның Ресей Федерациясы Елшілігінің, Польша, Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан және Өзбекстан елшіліктерінің, ТМД елдерінің орталық банктерінің, халықаралық банк қауымдастықтарының ақпараттық қолдауымен өтті.

«Сенімге ие болған банк-2013» конкурсының нәтижелері бойынша «Үздік қайырымдылық жобалар» арнайы номинациясында жеңімпаз «Нұрбанк» атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі 13 маусымда «Киев» қонақ үй кешенінің салтанатты залында (Киев қ., Украина) өтті. «Нұрбанкті» бұл шарада Байланыс және қоғаммен байланыс қызметінің бастығы Елена Ковалева таныстырды, оған медаль мен диплом табыс етілді.

«Біз бұл марапатты алуды күтпедік. Конкурс ұйымдастырушылары лауреаттарды бағалауда инновациялық тәсіл әзірледі. Үлкен және шағын банктер тең жағдайда болды. Қайырымдылықпен айналысқанда, «Нұрбанк» марапаттауларды немесе қандай да бір артықшылықтарды алуға ұмтылмайды. Біз үшін бұл табысты қызметтің бір бөлігі, қаржылық тұрақтылық пен сенімділіктің көрсеткіші», — деді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Қантар Орынбаев.

«Банкиръ» кәсіби журналы — банктердің, қаржылық директорлардың, аналитиктердің және басқа да қаржылық компаниялар, институттар және мекемелер мәселесіне қызығушыларға арналған іскерлік басылым. «Банкиръ» Қаржыгерлер гильдиясының (Мәскеу) мүшесі және BankersAccuity серіктесі болып табылады. «Банкиръ» журналы дәстүрлі түрде көптеген маңызды іс-шаралардың ресми ақпараттық демеушісі және медиа-серіктесі, сондай-ақ бірнеше конкурстардың ұйымдастырушысы және құрылтайшысы болып табылады.

21.06.2013