Кәсіпкерлердің аймақтық форумы Қарағанды қаласында

Кәсіпкерлердің аймақтық форумы Қарағанды қаласында

«Нұрбанк» АҚ Қарағанды қаласында 2012 жылғы 10 қазанда өткен аймақтық Кәсіпкерлер форумына қатысты. Шара жергілікті кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жайлы, оны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратынын білулеріне мүмкіндік берді.

«Даму» қорының ресми сайтында хабарланғандай, форум жұмысына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқармасы төрағасының орынбасары Ернар Нұрғалиев қатысты. Тыңдармандар алдында сөз сөйлеп, ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бағыттары жайлы егжей-тегжейлі баяндап, Қазақстан бойынша нақты мысалдарды, атап айтқанда, Қарағанды облысын келтірді.
Форум бизнес пен билік арасында талқылау алаңына айналды, деп мәлімделген хабарламада. Форум жұмысына сондай-ақ Қарағандының жаңа әкімі Мейрам Смағұлов, облыс әкімінің орынбасары Ануар Ахметжанов, «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айтілеу Бауржан, жергілікті шағын және орта бизнес субъектілері қатысты. Шара барысында Қарағанды кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері, сондай-ақ шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау сұрақтары талқыланды.

Форуммен қатар аймақтың жетекші тауар өндірушілерінің өнімдері қатыстырылған көрме өтті — «Қарағанды кәмпиттері» АҚ, «ҚазАвиаСПЕКТР» ЖШС, «Трей-Караганда» ЖШС, «КЗЭЛТО» АҚ, «Электротехника Фабрикасы» ЖШС, «ИПКОН» ЖШС және басқа да көптеген. Қаржы институттарының стендтері — «Даму» қоры, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк РБК» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ қонақтардың ерекше қызығушылығын туғызды.

«Даму» қорының Қарағанды облысы бойынша Өңірлік филиалындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері көрмеге белсене қатысты. Шараға қатысушы кәсіпкерлер арасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы туралы толық ақпарат алуға қызығушылық танытқандар көп болды. Қуантарлығы, кәсіпкерлердің басым бөлігі аталған бағдарламадан хабардар.

Бүгінгі таңда Қарағандыда шағын және орта бизнестің 14 мыңнан астам субъектісі тіркелген, бұл секторда шамамен 97 мың адам жұмыс істейді. Кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қолдау шараларын белсенді пайдаланып, ол да шағын және орта бизнестің өсуіне қолайлы жағдай жасайды.

Дереккөз: http://www.damu.kz/11897

16.10.2012