БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы, 2012 жылдың 28 қыркүйегі
«Тазалық — денсаулық кепілі!» осындай классикалық ұранмен «Нұрбанк» АҚ қызметкерлері 2012 жылдың 29 қыркүйегінде демалыс орындарының ластану мәселесіне назар аудартуға бағытталған «Банк қызметкерлері қоқысқа қарсы» акциясын өткізеді. Соның аясында өз жұмыстарын кейінге қалдырып, 200 банк қызметкері және қазақстандық эстрада жұлдыздары «Медеу» шатқалында табиғатты қоқыстан тазалайтын болады.
Іс-шараға парктегі кез келген келуші қатыса алады. Барлық қатысушыларға «Нұрбанк» АҚ қажетті құрал-жабдықтар ұсынады. Банк қызметкерлері қаланы таза және әдемірек жасауды мақсат етіп отыр.
«Біз еріктілік сенбілікте екінші рет өткізіп жатырмыз. Тынығуға келетін қонақтар тазалық жайлы ойламай, шатқалдың барлық жеріне пакеттер мен банкаларды қалдыруда. Көптеген адамдар қоқысты көріп, оны тазалауға тырыспайды. Бүгін біз барлық ниет білдіргендерді Медеудің көркіне қамқорлық жасауға және оны бірге таза етуге шақырамыз», — деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Рауан Дәукенов.
Қорық келушілері үшін арнайы бағдарлама дайындалады: музыка, конкурстар және қоғамдық тамақтану. Осы акцияның ерекшелігі Банк өткізген 2012 жылдың сәуір айында болған «Жасыл сенбілікпен» салыстырғанда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуында.
Ескертпе: 2012 жылдың 21 сәуірінде «Жасыл сенбілік» аясында Алма-Арасан шатқалында балалар үйіндегі және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы іс-шара өткізілгені туралы еске саламыз. Іс-шараға 150 банк қызметкері және Алматы қаласының №8 мектеп-интернаты, «Жан ұя» арнайы кешені, №1 және №2 балалар үйлерінен 40 бала қатысты.
Ескертпе: «жасыл» сенбілікке қатысқысы және қатысқысы келетін журналистарды тегін және атын, сондай-ақ телеарналар өкілдері үшін түсірілім тобының нақты құрамын алдын ала хабарлауын сұраймыз.
Байланыс тұлғалары: Айгүл Қасенова
«Нұрбанк» АҚ Баспасөз хатшысы
тел. +7 727 2 599 710
ұялы. +7 (707) 132 59 69
e-mail: akassenova@nurbank.kz
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|