Балаларды қорғау күніне орай Нурбанк «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі және «Үйге жол» бағдарламасымен бірлесіп, «Жылулық сыйлау сәті» акциясын өткізді

Балаларды қорғау күніне орай Нурбанк «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі және «Үйге жол» бағдарламасымен бірлесіп, «Жылулық сыйлау сәті» акциясын өткізді

Бір ай бойы Нурбанк қызметкерлері Баганашылдағы №1 балалар үйіне сыйлықтар дайындады — киім, ойыншықтар, ақша әкеліп отырды. Ақырында, 31 мамырда Банк қызметкерлері Баганашыл ауылындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Балаларға киім, ойыншықтар, роликтер, кітаптар және басқа да көп нәрсе сыйға тартылды, сонымен қатар ең кішкентайларымен біраз уақыт ойнады.

Шарада Басқарма төрағасының орынбасары Рауан Даукенов сөз сөйлеп, тәрбиеленушілер мен тәрбиешілерге денсаулық, табыс, гүлдену, мақсаттарына жету, өмір жолында көп жылылық және барлық игіліктерді тіледі. Р.Даукенов сыйлықтарды таратуға белсенді қатысты. Балалар сыйлықтарға шын жүректен қуанды — мұндай жағдайлар сирек болып тұрады!

Нурбанк қызметкерлері жинаған ақшаға балалар үйінің 2 футбол командасының ойыншыларына форма — футболкалар мен шорты, бутсалар, қақпашыларға арналған қолғаптар, доптар сыйға тартылды. Балалар қуанышқа бөленді! Мереке соңында кішкентайлар қол шапалақтап "Чунга-Чанга" биін биледі. Барлығына Көпіршіктер шоуын көру қызық болды!

1 маусымда Нурбанк «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісінің қолдауымен №2 балалар үйі және №8 арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін «Тарбозавр 3D» мультфильмін тегін көрсетуді ұйымдастырды.

Балаларға сусындар, чипсы, печенье таратылды. Мультфильм барлығына ұнады, балалар көп жағымды эмоция алды.

Ақпарат үшін:

2008 жылдан бастап Нурбанк «КТК» телеарнасымен бірлескен «Үйге жол» әлеуметтік жобасының серіктесі болып келеді, бұл жоба жетім балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған. Жобаның басты мақсаты — жетімдерге жаңа отбасын табуға көмектесу. «Үйге жол» жобасының арқасында 2011 жылы Алматыда 175 бала қазақстандық азаматтармен және 16 бала шетелдіктермен асырап алынды. Бүгінгі күні 300-ден астам бала отбасыларға ие болды.

   

01.06.2012