2012 жылдың 21 сәуірінде «Нұрбанк» АҚ Алматы қаласы Іле Алатауының Алма-Арасан шатқалында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін арнайы іс-шара өткізген «жасыл» сенбілік өткізді. Іс-шараға 150 банк қызметкері және Алматы қаласының «Жан ұя» мамандандырылған кешені, №8 мектеп-интернаты, №1 және №2 балалар үйінен 40 бала қатысты.
«Қиын өмірлік жағдайға тап болған бұл балалар біздің көмегіміз бен қолдауымызға ерекше мұқтаж. Мұндай қайырымдылық бастамалары арқасында балаларға отбасы, қуаныш, қамқорлық және махаббат сезімін сыйлау мүмкін болып отыр», — деді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рауан Дәукенов.
Банк қызметкерлері балаларды еңбекке және қоршаған ортаны сүюге баулыды, сондай-ақ оларға сыйлықтар табыстады. Пикник кезінде әртүрлі жарыстар мен ойындар өткізілді.