"Нұрбанк" АҚ акционерлер құрамының өзгеруі

"Нұрбанк" АҚ акционерлер құрамының өзгеруі

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы
2010 жылғы 20 мамыр

"Нұрбанкте" акционерлердің ауысуы орын алды. Өткен жұма күні София Сарсенова банктің жалпы акцияларының 70% сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.

Бұрын, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі № 57 қаулысымен Сарсенова ханымға "Нұрбанк" АҚ ірі қатысушысы мәртебесін 10,29% акцияларымен алуына келісім берген болатын.

Акционерлердің ауысуы банктің стратегиясына елеулі өзгерістер енгізуге алып келмейді. Әлі де Нұрбанктің қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі болып клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету және сапалы банк өнімдері мен қызметтерін сатуда кешенді тәсілді қолданумен әмбебап қаржы-кредиттік мекеме қалыптастыру табылады. Қабылданған даму стратегиясын іске асыра отырып, Нұрбанк 2009 жылды 762 млн. теңге таза пайдамен аяқтап, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткішті 1 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.

 

"Нұрбанк" АҚ Қазақстанның ең ірі он банктің қатарына кіреді және бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша сегізінші орынды алады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Нұрбанктің активтері 295 млрд. теңгені, меншікті капиталы — 45 млрд. теңгені, банктің несие портфелі — 261 млрд. теңгені құрады.

20.05.2010