БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы

Бүгіннен бастап Нурбанк халықаралық төлем жүйесі Visa International-дың ең беделді өнімі — Visa Infinite төлем картасының эмиссиясын бастады.

Visa Infinite картасы — Visa International компаниясының ең жас өнімдерінің бірі, алғаш рет 1998 жылы пайда болды. Бұл карта жаппай шығарылатын емес, қазіргі таңда әлемде олардың саны тек бірнеше ондаған мың ғана. Карта Visa компаниясының алты аймағының бесеуінде шығарылады: АҚШ, Латын Америкасы, Еуропа елдері, Азия-Тынық мұхиты аймағы және CEMEA аймағы.

Visa Infinite картасының иелері үшін әлем бойынша тәулік бойы мынадай қызметтер көрсетіледі:

карта жоғалған немесе ұрланған жағдайда хабарлау;

картаның иесіне шұғыл түрде 24 сағат ішінде (5 мың долларға дейін) қолма-қол ақша жеткізу;

карта ұрланғанда не жоғалған жағдайда оны 24 сағат ішінде шұғыл ауыстыру;

әртүрлі сұрақтар бойынша кеңес беру;

саяхатта $1 миллионға дейінгі сақтандыру;

уникалды дисконттық бағдарлама — әлем бойынша элиталық жеңілдіктер және арнайы ұсыныстар.

VISA Infinite сондай-ақ бай адамдардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Бұл картаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарының ішінде жеке телефон операторы, медициналық және заңдық қолдау қызметтері, элиталық жеңілдіктер дүкендерде, қонақ үйлерде және тағы басқалар. Шетелге шыққанда Infinite иесін жеке консьерж қарсы алады. Ол жергілікті салт-дәстүрлер туралы айтып, мейрамхана таңдауына көмектеседі, операға билет тапсырыс береді, сыйлықтар сатып алады.

Visa Infinite банк картасының жарамдылық мерзіміне картаның иесі мен онымен бірге саяхаттайтын отбасы мүшелері шетелде толық сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Visa Infinite картасы саяхат пен саяхаттағы жайлылықты арттыру үшін бірқатар жағдайларды қамтитын сақтандыруды ұсынады: шұғыл медициналық көмек көрсету мен эвакуациялық қызметтерді сақтандыру; үшінші тұлғаларға материалдық шығын келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру; багажды және ақшалай қаражатты жоғалтуды сақтандыру.

Сатып алуды қорғау және кепілді мерзімді ұзарту секілді сақтандыру бағдарламалары жағымды қосымша болады, олар сатып алынған тауарлар жоғалған немесе ұрланған жағдайда сақтандыру өтемақысын алуға мүмкіндік береді. Бұл сақтандыру Visa Infinite карталарын ұстаушыларға 24 айға дейінгі құрылған қосымша кепілдемені білдіреді. Бұл шарттар тұрмыстық электр техникасы сияқты бірқатар тауарларға қатысты қолданылады.

Visa Infinite банк картасының бүкіл жарамдылық мерзіміне оның иесі шетелдік сапарлар кезінде күтпеген жағдайларды шешу кезінде білікті медициналық және заңдық көмекке қол жеткізе алады.

Visa Infinite төлем картасының иелері әлемдік және жергілікті дисконттық бағдарламаларға қосылған, сонымен бірге бүкіл әлем бойынша скидкалар және арнайы артықшылықтарға ие болады: жоғары класс отелдерде, эксклюзив дүкендерде, сән көрсетілімдерінде, мейрамханаларда, автомобиль, яхта, катер жалдау орындарында, және тағы басқалар.

Нурбанк сонымен қатар Visa Infinite иесіне эксклюзив қаржылық қызметтерді ұсынатын болады. Сонымен бірге, банк болашақта бриллианттармен көркемделген эксклюзивті Visa Infinite картасын шығаруды жоспарлап отыр.

«Visa Infinite эмиссиясына кірісе отырып, клиенттерімізді Visa International төлем жүйесі мен біздің банк ұсынатын бірегей қызметтердің толық жиынтығын пайдалану құралына айланатынын шын жүректен үміттенеміз» — деп атап өтті Нурбанк басқармасының төрағасы Нурмухамед Бектемисов.

17.02.2009