БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы


Нұрбанк Қазастанның қаржы қызметтері нарығында жаңартылған логотиппен жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Нұрбанк басқарма төрағасы Нұрмұхамед Бектемісов брифинг барысында мәлімдеді.

«Біздің банкте өткен жылы көп нәрсе өзгерді. Біз банктың сапалы дамуына бағытталғанбыз. Осыған байланысты Нұрбанктің жаңа стратегиясы әзірленді, ол қанаттандыратын қаржы институты ретінде нарыққа барынша ашық болуды көздейді. Біздің миссиямыз — клиенттердің қойған мақсаттарын сәтті жүзеге асыру үшін заманауи қаржы қызметтерінің толық жиынтығын ұсынатын мойындалған көшбасшы болу. Бүгінде біздің барлық жұмысымыз осы жоспарларды іске асыруға бағытталған. Клиенттермен, инвесторлармен, әріптестермен және басқа да ұйымдармен қарым-қатынасымыз сенім мен ашық коммуникация мәдениетіне негізделген. Осы себепті банктің логотипі мен ұранын, оның визуалдық символдарын ауыстыру қажеттігі туындады», — деп атап өтті Бектемісов мырза.

Нұрбанктің жаңа логотипі ықшам және танымал. Ол өзін-өзі айқындау және басқа банктерден ерекшелену үшін барлық қажетті элементтерге ие. Бұл банктің алдыңғы жарнамалық науқандарынан жақсы белгілі үшбұрыш пен екі түсті.

«Біз сенімді, заманауи және кәсіби банк ретінде қабылдануды мақсат етеміз. Заманауи үрдістерге сай келе отырып, үздігін сақтап, ашықтығымызды, қолжетімділігімізді және мүдделілігімізді көрсетеміз», — деп баса айтты Бектемісов мырза.

Логотипті өзгерту, ең алдымен, банкте болып жатқан ішкі өзгерістерді бейнелейді. Ашық нарық банкі болуға ұмтылып, клиенттердің әртүрлі санаттарына қолжетімді бола отырып, Нұрбанк басты идеяны жеткізеді: бізбен әрқашан оңай және қарапайым жұмыс жасауға болады.

Жаңа ұран идеясын банктің клиенттері өздері ұсынды. Қазіргі уақытта Нұрбанк клиентке бағдарлануды өзінің негізгі бизнестік қағидаттарынан бірі ретінде атап көрсетеді. Сондықтан, бұл ұстанымды барынша көрсететін ұран таңдауға басшылық тоқтады. Банктің жаңа ұраны: «Нұрбанк. Қажеттінің бәрі»

«Өзгерістердің барлық процестері Нұрбанктің позицияларын одан әрі нығайтуға, оның өсуіне және Қазақстандағы жетекші қаржы мекемелерінің бірі болуға бағытталған», — деп түйіндеді Бектемісов мырза.

21.10.2008