2007 жылғы 11 қазанда өткен «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Нурали Алиев Нурбанк директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Сонымен қатар, директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Бектас Мухамеджанов енгізілді. Барлық көрсетілген тұлғалар уәкілетті органда келісуден өтуде.
Осылайша, банктің қолданыстағы директорлар кеңесінің құрамына мыналар кіреді:
- Нурали Рахатович Алиев, директорлар кеңесінің төрағасы
- Дарига Нурсултановна Назарбаева
- Думан Дарханович Сеитов
- Сагын Еркасович Крымкулов, тәуелсіз директор
- Бектас Гафурович Мухамеджанов, тәуелсіз директор
АО «Нурбанк» Қазақстан Республикасының ең ірі он банкінің қатарына кіреді. 2007 жылғы 1 қазанда банктің активтері 203 060 336 мың теңгеге жетті, банктің жеке капиталы 44 376 550 мың теңгеге жетті. Жарғылық капитал 27 119 505 мың теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың 9 айында таза пайда 1 626 036 мың теңгені құрады.