Құрметті клиенттер!
Кепілдендірілген қарыздар және несиелерді қайта құрылымдау мәселесі бойынша банк филиалдарына және посткредиттік қызмет көрсету менеджерлеріне жүгінуге болады, берешек бойынша кешіктіру басталған күнінен бастап (отыз) күн ішінде табыстың азаюының себебін міндетті түрде көрсетумен және растайтын құжаттарды қоса тіркеу арқылы келісімшарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен.
Банктен өтініш түсіп, (он бес) күннің ішінде сіздің өтінішіңіз қаралады және сізге мынадай мәліметтер беріледі:
- Сіздің ұсынған өзгертулермен келісу туралы немесе;
- Келісімшарт талаптарын өзгертудің өзіндік ұсыныстары немесе;
- Келісімшарт талаптарын өзгертуден бас тарту және оның себебін негіздеумен.
Жауапты қызметкерлердің аты-жөні және олардың басшыларының аты тізімде көрсетілген (қосымшада).