ҚР-ның институционалдық құрылымындағы өзгеріске және «S&P Global Ratings»-тің даму үрдістері мен банк секторындағы салалық тәуекелдер бағасын қайта қарауына байланысты агенттік 8 қазақстандық банктің рейтингтерін растады.
Халықаралық рейтингілік агенттік «S&P Global Ratings» АҚ «Нұрбанк»-тің несиелік рейтингтерін «В-/В» деңгейінде растады, болжам - «Тұрақты».
Агенттік сарапшылары 2022 жылы қосымша капитал құю қажеттілігінің жоқтығын, несие портфелінің шамамен 5-7%-ға өсуін және алдағы екі жылда орташа несие портфелінің 3%-на тең қосымша резервтерді қалыптастыру шығындарын болжап отыр.
«Қазіргі күрделі геосаяси және экономикалық жағдайда жағдайды бақылауда ұстау және Банктің сенімділігі мен тұрақтылығын бұрынғы деңгейде сақтау өте маңызды.
Банкте жақсы өтімділік қоры бар, біз депозиттік портфельдің өсуін бақылап отырмыз (2021 жылы +15,3%), нарықтың жаппай сегментінің үлесі артты - бұл Нұрбанктің сенімділігін қамтамасыз етеді», - деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гүлнара Мусатаева.
Осы жылы банк несие портфелінің 9% деңгейінде өсуін, депозиттік портфель бойынша клиенттік базаның ұлғаюын, сонымен бірге депозиттік портфельдің 7% деңгейінде өсуін және комиссиялық кірістердің өсуін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Банктің бәсекеге қабілеттілігін дәйекті түрде арттыру, клиенттер үшін ең қолайлы жағдайларды сақтау, әмбебап банктің ажырамас атрибуты ретінде бөлшек сауда бағытын дамытуға баса назар аудару жоспарларында бар.
«Нұрбанк» АҚ Баспасөз қызметі
media@nurbank.kz