Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі №50 қаулысына сәйкес, "Заңды тұлғалардың банк шоттарынан қолма-қол ақша алу шектерінің мөлшерлері және қолма-қол ақша алу талабы қолданылмайтын заңды тұлғалар санаттары" заңды тұлғалардың банк шоттарынан қолма-қол ақша алу шектерінің мөлшерлері келесідей анықталған:
1) 20 000 000 (жиырма миллион) теңге - егер заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі болса;
2) 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге - егер заңды тұлға орта кәсіпкерлік субъектісі болса;
3) 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге - егер заңды тұлға ірі кәсіпкерлік субъектісі болса.
Бұл талап келесі заңды тұлғалар санаттарына қолданылмайды:
1) микрокәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерін, аквакультура (балық аулау) өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
3) азық-түлік, сусындар, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарлардың бөлшек саудасындағы экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес келетін заңды тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардан қолма-қол ақша алуды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясы арқылы тек қана айырбастау пункттері арқылы қызмет атқаратын заңды тұлғаларға.