Құрметті клиенттер мен серіктестер! «Нурбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2026 жылғы 28 мамырда өтетіні туралы хабарлаймыз.
2026 жылғы 21 сәуірде «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі қабылданды:
2026 жылдың 28 мамырындағы «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда, «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің қайта жылдық жалпы жиналысы 2026 жылдың 29 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізілсін.
«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өту түрі - көзбе-көз.«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына және «Нұрбанк» АҚ Жарғысының 20-бабының 7-тармағына сәйкес «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының мынадай күн тәртібі белгіленсін:
1) Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы
2) «Нұрбанк» АҚ-ның 2025 жылғы жеке (шоғырландырылмаған) жылдық аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту туралы
3) «Нұрбанк» АҚ-ның 2025 жылғы шоғырландырылған жылдық аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту туралы
4) «Нұрбанк» АҚ-ның 2025 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы және 2025 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивидендтер мөлшері туралы шешім қабылдау
5) «Нұрбанк» АҚ акционерлеріне 2025 жылдағы «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен Басқарма мүшелеріне сыйақы беру мөлшері мен құрамы туралы хабарлау
6) Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы
7) «Нұрбанк» АҚ-ның, оның лауазымды тұлғаларының 2025 жылдағы іс-әрекеттеріне акционерлердің мәлімдемелері және оларды қарау қорытындылары туралы
8) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге №1 түзетулерді бекіту туралы
9) Тәуелсіз директорлардың тәуелсіздік талаптарына сәйкестігі туралы есепті қарау