Нұрбанктің жаңа акциясына қатысып, жеңімпаз болыңыз! Әр ай сайын біз керемет сыйлықтар және басты жүлде - автокөлік ойнататын боламыз! Өтініш қалдырыңыз, тиімді шарттармен несие алыңыз және сыйлықтарға ие болыңыз!
Акцияны өткізу тәртібі мен шарттары:
1. Акцияның жалпы шарттары:
1.1. Акцияны өткізу аумағы – «Нұрбанк» АҚ (әрі қарай – Банк) филиалдары/Банктік қызмет көрсету орталықтары орналасқан Қазақстан Республикасының қалалары.
1.2. Акция өткізу кезеңі: 2021 жылдың 01 қазанынан бастап 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін.
2. Акция қатысушысы (әрі қарай — «Қатысушы»):
2.1. Акция өткізу кезеңінде Банкпен кепілсіз несие/кепілдік несие/ипотека/автокредит/білім несиесі бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңгеден астам сомаға және 6 (алты) айдан кем емес мерзімге банктік займ келісімін жасаған Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға.
3. Сыйлық ұтыс ойындарының жеңімпаздарын анықтау:
3.1. Акция аясында әр есептік кезеңнің соңында 4 (төрт) сыйлық ұтыс ойыны өткізіледі:
- бірінші есептік кезең: 01.10.2021 ж. – 31.10.2021 ж.
- екінші есептік кезең: 01.10.2021 ж. – 30.11.2021 ж.
- үшінші есептік кезең: 01.10.2021 ж. – 31.12.2021 ж.
- төртінші есептік кезең: 01.10.2021 ж. – 31.01.2022 ж.
3.2. Акцияның сыйлық қоры: велосипедтер, электрсамокаттар, ноутбуктер, планшеттер, "Француз үйі" ақша сертификаттары, СК "Виктория" КАСКО сертификаттары және басты жүлде – Renault Arkana автокөлігі, соңғы сыйлық ұтыс ойынында ойнатылады.
3.3. Банк ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін 2.1-тармақ шарттарына сәйкес келетін есептік кезеңге арналған несие келісімдерінің нөмірлер тізімін жасайды.
3.4. Ұтыс ойындары есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-іне дейін өтеді.
3.5. Ұтыс ойынының жеңімпазы интернет-сайтта https://www.random.org кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады, таңдау диапазоны есептік кезең бойынша Қатысушылардың несие келісімдері нөмірлерінің санына тең. Кездейсоқ анықталған санмен сәйкес келген несиелік келісім нөмірі бар Қатысушы жеңімпаз ретінде саналады. Ұтыс ойынының нәтижелері Банктің интернет-ресурсында www.nurbank.kz жарияланады.
3.6. Ұтыс ойындарына қатыспайды:
1) ұтыс ойынына дейін несиесін толық мерзімінен бұрын өтеген акция қатысушылары;
2) ұтыс ойынына дейін 1 (бір) күннен артық мерзімі өткен акция қатысушылары.
3.7. Банк ұтыс ойыны өткізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздарға хабарласады. Жүлделерді Жеңімпаздарға беру Банктік филиалда, Алматы қаласынан несие беру орналасқан филиалға сыйлықты тасымалдауға қажетті уақытты ескере отырып жүзеге асырылады (басты жүлдеден басқа). Басты жүлде Алматы қаласында Жеңімпазға беріледі. Басты жүлдені Жеңімпаздың тұратын орнына дейін тасымалдау Жеңімпаздың күшімен жүзеге асырылады.
3.8. Ұтыс ойындары Instagram әлеуметтік желісіндегі Банктің аккаунтында тікелей эфирде көрсетіледі.
3.9. Келесі ұтыс ойындарына қатыспайтын жүлде ұтып алған жеңімпаз.
3.10. Жүлде ақшалай баламада берілмейді, басқа тауарға ауыстырылмайды, Банктің алдындағы қарызды өтеу үшін қабылданбайды.
4. Жеке деректер:
4.1. Осы Ережелерге сәйкес Акцияға қатысу фактісі Акция Қатысушысының осы Ережелермен келісуін және Акцияны өткізу үшін қажетті кез келген жолмен Акция Қатысушысының жеке деректерін Банктің өңдеуге келісуі болып табылады.
5. Қосымша
5.1. Осы Ережелерде қарастырылмаған барлық жағдайда Банк және Акция Қатысушылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен басшылыққа алады.
5.2. Акция туралы ақпарат:
- Банктің интернет-ресурсында www.nurbank.kz
- Банктің ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарында
- Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде, интернетте
- радио және сыртқы жарнамалық құрылымдарда таратылады