Кепілдік өтемақы төлеудің жаңа тәртібі туралы хабарлаймыз

Кепілдік өтемақы төлеудің жаңа тәртібі туралы хабарлаймыз

Осы хабарлама арқылы Банк өзінің банк шоты және (немесе) банк салымы шарты жасалған жеке тұлғалар болып табылатын клиенттеріне (бұдан әрі – салымшылар) барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік өтемақы төлеудің жаңа тәртібі енгізілгені туралы хабарлайды.

Кепілдік өтемақы төлеудің жаңа тәртібі салымшыларға:  

(1) 2021 жылғы 30 сәуірден кейін Банкпен банк шоты және (немесе) банк салымы шарттарын жасасқандарға, сондай-ақ

(2) 2021 жылғы 1 мамырдан бастап жаңа мерзімге бұрын жасалған банк шоты және (немесе) банк салымы шарттарының әрекет ету мерзімі ұзартылғандарға қолданылады.

Кепілдік өтемақы төлеудің жаңа тәртібінде салымшылардың кепілдік өтемақысын алу үшін екі әдіс қарастырылған: (1) агент банкте және (2) «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ электрондық төлем порталы мен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде. Өтемақы төлеу мерзімі төлем басталған күннен бастап бір жылмен шектеледі.

Кепілдік өтемақы төлемінің басталу күні, агент банктер тізімі, төлем мерзімі және орындары туралы қор банк лицензиясынан айырылған күннен бастап отыз бес жұмыс күні ішінде салымшыларды хабардар етеді.

Егер салымшылар төлем басталған күннен бастап бір жыл ішінде кепілдік өтемақы алу үшін өтініш жасамаса, қор талап етілмеген сомаларды ерікті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы олардың шотына аударады.

Кепілдік өтемақы төлеудің жаңа тәртібі туралы толық мәтінді осы сілтеме арқылы көруге болады: /ru/retail/deposit/gar_vklad.

Кепілдік өтемақы төлеудің жаңа тәртібі 2021 жылғы 1 мамырдан кейін барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған банктердегі депозиттер бойынша кепілдік өтемақы төлемдеріне, сондай-ақ кепілдік өтемақы төлемдері жүргізіліп жатқан және төлем мерзімі 2022 жылғы 1 мамырға дейін белгіленген банктерге қолданылады.

Төленетін кепілдік өтемақының ең көп сомасы:

- ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша 15 миллион теңге;

- ұлттық валютадағы карталар, шоттар және басқа депозиттер бойынша 10 миллион теңге;

- шетел валютасындағы карталар, шоттар және депозиттер бойынша 5 миллион теңге (банк лицензиясынан айырылған күнгі валюта бағамы бойынша баламада).

Депозиттерді кепілдендіру және кепілдік өтемақы алу тәртібі туралы қосымша ақпаратты салымшылар мына нөмірлер бойынша банк мамандарынан ала алады

2552 - Kcell, Altel 4G, Tele2, Beeline, Activ ұялы операторлары үшін тегін

+7 (727) 250-00-00, 244-44-44

WhatsApp: + 7 707 000 25 52 немесе тікелей телефон call-орталығы арқылы қор - 1460.

20.05.2021