Шағын және орта бизнес клиенттері үшін хабарландыру

Шағын және орта бизнес клиенттері үшін хабарландыру

Құрметті шағын және орта бизнес клиенттері,

Коронавирус инфекциясы COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеу шаралары аясында мемлекет пен банк секторы бірге зардап шеккен экономика салаларындағы ШОБ-ті қолдау үшін бірқатар шараларды қабылдауда.

ШОБ-ті қосымша қолдау шараларының бірі – 2020 жылдың 31 тамызына дейін бизнес мақсаттарда алынған және белсенді қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекет тарапынан субсидиялау

Субсидиялау шарттары:

Қатысушы – 2020 жылғы 20 қазандағы ҚР Үкіметінің №679 қаулысымен бекітілген экономика салаларындағы субъект.

Зардап шеккен экономика секторларының тізімі 

Несие сомасы - шектелмеген

Несие мөлшерлемесі – жылдық 18%-ға дейін, оның ішінде қарыз алушы 6%-ын төлейді, айырмашылығын мемлекет субсидиялайды

Субсидиялау мерзімі 2020 жылдың 16 наурызы мен 2021 жылдың 15 наурызы аралығында.

Бағдарламаға қатысу және толық ақпарат алу үшін өз қалаңыздағы Банк бөлімшелеріне хабарласыңыз.

23.10.2020