02.11.2020 ж. Банк жаңа ақпараттық жүйеге көшеді

02.11.2020 ж. Банк жаңа ақпараттық жүйеге көшеді

Құрметті "Нұрбанк" АҚ клиенттері!

02.11.2020 ж. бастап банк жаңа ақпараттық жүйеге көшетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты кейбір операциялар қолжетімсіз болады:

1) Заңды тұлғалардың Интернет-банкинг бағдарламасында 2020 ж. 29 қазан сағат 18:00-ден 2020 ж. 2 қараша сағат 9:00-ге дейін қызметкерлердің карточкалық шоттарына жалақы аудару операциялары қолжетімсіз болады.

Жалақы аударымдарын 2020 жылғы 29 қазанға дейін қоса алғанда орындауды сұраймыз.

2) Заңды тұлғалардың Интернет-банкинг бағдарламасында 2020 ж. 29 қазан сағат 19:00-ден 2020 ж. 2 қараша сағат 9:00-ге дейін бизнес-карталарды толтыру операциялары қолжетімсіз болады.

Бизнес-карталарды толықтыруды 2020 жылғы 29 қазанға дейін қоса алғанда орындауды сұраймыз.

3) Жеке тұлғалардың Интернет-банкинг бағдарламасы 2020 ж. 29 қазан сағат 19:00-ден 2020 ж. 2 қараша сағат 9:00-ге дейін қолжетімсіз болады.

Барлық қажетті операцияларды алдын ала орындауды сұраймыз.

4) Депозиттық машинаның функциялары 2020 ж. 30 қазан сағат 20:00-ден 2020 ж. 2 қараша сағат 9:00-ге дейін қолжетімсіз болады.

5) Банк төлем терминалдарындағы карточкалық шоттарды толықтыру функциясы 2020 ж. 29 қазан сағат 18:00-ден 2020 ж. 2 қараша сағат 9:00-ге дейін қолжетімсіз болады.

Төлем терминалдары 2020 ж. 30 қазан сағат 20:00-ден 2020 ж. 2 қараша сағат 9:00-ге дейін толықтай қолжетімсіз болады.

6) 2020 ж. 2 қараша сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін барлық төлем карталарын пайдалану және банкоматтар мен POS-терминалдардағы операциялар қолжетімсіз болады.

7) Nurpay.kz сайтында жеке дизайнмен карточкаларды шығару 2020 ж. 26 қазан сағат 9:00-ден 2020 ж. 2 қараша сағат 9:00-ге дейін қолжетімсіз болады.

8) Nurpay.kz сайтында Р2А (карточкадан ағымдағы/жинақ шоттарына ақша аудару) операциялары 2020 ж. 30 қазан сағат 22:00-ден 2020 ж. 2 қараша сағат 9:00-ге дейін қолжетімсіз болады.

9) Nurpay.kz сайтында Р2Р (карточкадан карточкаға аудару) операциялары 2020 ж. 2 қараша сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін қолжетімсіз болады.

Kөрсетілген ақпаратты ескеріп, Интернет-банкинг пен төлем терминалдарындағы операцияларды жоспарлауда ескеруді сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды үміттенеміз.

22.10.2020