Шетел валютасында берілген ипотекалық қарыздар бойынша қарыз алушылардың және (немесе) кепіл берушінің назарына.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 34-бабына сәйкес, Банк шетел валютасында берілген ипотекалық қарыз бойынша жеке тұлғалардың ақша міндеттемесін (берешегін) біржақты тәртіппен азайту туралы қарыз алушыны және (немесе) кепіл берушіні хабардар етеді. Қарыз валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына 2015 жылғы 18 тамыздағы Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша ауыстыру шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздар) қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Осы хабарландырудың жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің жазбаша қарсылығының болмауы, Банк тарапынан шетел валютасындағы ипотекалық қарыз бойынша міндеттемесін (берешегін) төмендетуге келісім ретінде қарастырылады, және негізгі қарыздың сомасын шетел валютасынан Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Келіспеген жағдайда, қарыз алушыға және (немесе) кепіл берушіге көрсетілген уақыт кезеңі ішінде кез келген ыңғайлы тәсілмен Банк филиалына тиісті жазбаша өтінішпен жүгіну ұсынылады:
электрондық пошта арқылы: cc_nur@nurbank.kz, service@nurbank.kz
Анықтама алу үшін телефон: 2552 (Active, Kcell, Altel 4G, Tele2, Beeline ұялы операторлары үшін тегін). +7(727)250-00-00, +7(727)244-44-44 (қалалық).