Нұрбанк ТЖ кезеңінде өз клиенттерін қолдайды

Нұрбанк ТЖ кезеңінде өз клиенттерін қолдайды

Нұрбанк АҚ (әрі қарай – Банк) дағдарысқа қарсы шараларға қатысатынын және халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсететінін мәлімдейді. 2020 жылдың 16 наурыздан 15 сәуірге дейін бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты клиенттерге қолдау көрсетуге бағытталған шұғыл шаралар қабылданды.

Банк тарапынан келесідей қолдау көрсетіледі:

жеке тұлғаларға:

  1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезеңінде несие шарттары бойынша төлем мерзімін өткізіп алу салдарынан айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Барлық қажетті рәсімдерді Банк автоматты түрде жүргізеді. Бұл шараларды қолдану үшін Банкке жүгінудің қажеті жоқ.
  2. Кепілсіз несиелер бойынша бір ай ішінде негізгі қарыз және/немесе сыйақы төлемінің 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен асқан кешігуі бар жеке тұлғаларға сыйақы есептелмейді. Барлық қажетті рәсімдерді Банк автоматты түрде жүргізеді. Бұл шараларды қолдану үшін Банкке жүгінудің қажеті жоқ.
  3. Жеке тұлғалардың қаржылық жағдайын талдау және қосымша қолдау шарттарын, соның ішінде жұмыс орнынан немесе кіріс көздерінен айырылған, сондай-ақ басқа да қаржылық қиындықтарға тап болған жеке тұлғалар үшін несие шарттары бойынша төлемдерге, негізгі қарыз және/немесе сыйақы төлемдеріне уақытша жеңілдік беру жөнінде шешім қабылданады. Бұл 2020 жылдың 18 наурызына дейін жасалған несие шарттарына қолданылады.

Барлық қажетті рәсімдер Банкпен жеке өтініш негізінде жүргізіледі.

 

жеке кәсіпкерлер және шағын және орта бизнес субъектілері үшін:

  1. Төтенше жағдай кезеңіне сәйкес келетін төлемдері бар жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша бір айлық жеңілдік кезең беріледі. Жеңілдік кезеңімен қамтылған кредиттер бойынша төлемдер келесі төлемге шегеріледі. Бұл шараларды қолдану үшін Банкке жүгінудің қажеті жоқ.
  2. Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелері бойынша Банк жеке өтініш негізінде 90 күнге дейінгі міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту (төтенше жағдай кезеңінің шегеруін қоса алғанда) ұсынады.

 

«Біз қабылданған шаралар клиенттерімізге қалыптасқан қиын жағдайдан шығуға көмектеседі деген сенімдеміз. Біз үшін клиенттердің әл-ауқаты мен табысы әрқашан басты назарда болды және солай қалады. Өз тарапымыздан біз жағдайды тұрақтандыру, жеке тұлғаларға және Банкіміз қызмет көрсететін кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсаймыз», - деді Нұрбанк АҚ Басқарма төрағасы Эльдар Сәрсенов.

 

Жеке несиелер, шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке кәсіпкерлер үшін төлемдерді кейінге қалдыруға өтінімді банктің корпоративтік сайтында www.nurbank.kz арқылы онлайн режимінде бере аласыз немесе сайттағы өтінім формасын жүктеп алып, оның сканерленген нұсқасын немесе суретін электрондық поштаға жібере аласыз cc_nur@nurbank.kz, сондай-ақ Банктің бөлімшелерінде.

Қабылданған шаралар туралы қосымша ақпаратты Банктің менеджерлерінен немесе Нұрбанк АҚ байланыс орталығынан 2552 нөмірі бойынша біле аласыз (ұялы телефон арқылы қоңырау шалу тегін).

 

 

Нұрбанк АҚ баспасөз қызметі

+7 700 00 999 09  Әсел Құбеева

23.03.2020