Құрметті клиенттер!
Осы жылдың 16 наурызында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты «Нурбанк» АҚ Қазақстан бойынша бизнес процестердің басым бөлігін қашықтан басқаруға ауыстырды.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары осы жылдың 19 наурызынан бастап карантин режимінде болғанын және бұл қалаларға кіру/шығу қатаң бақылауда екенін ескере отырып, Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан кейбір бөлімшелерде Банк клиенттеріне қызмет көрсетуді қайта бастау туралы шешім қабылдадық.
Клиенттердің көптеген сұраныстарын және отандық бизнесті қолдаудың өткір қажеттілігін ескере отырып, «Нурбанк» АҚ-ның келесі бөлімшелері 2020 жылдың 20 наурызынан бастап жұмысын қайта бастасады:
Бөлімшелер жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық болады.
Демалыс/мереке күндері аталған бөлімшелер жұмыс істемейді.
Сіздің, Банк қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін және вирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау мақсатында, біз бөлімшелерге тек қана аса қажет жағдайларда жүгінуді қатаң ұсынамыз.
Басқа жағдайларда біз қашықтан операцияларды жүргізуді ұсынамыз.
Банкоматтарда қолма-қол ақша алу, карточкалық операциялар, интернет-банкингтегі қызметтер мен төлемдер сізге әдеттегідей қолжетімді.
Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.
«Нурбанк» АҚ